Оқудың түрлері


Паузаға үйрету 1-сыныптан бастап жүргізіледі



бет6/12
Дата23.03.2022
өлшемі44,06 Kb.
#136550
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Оқу түрлері

Паузаға үйрету 1-сыныптан бастап жүргізіледі. Оның 2 жолы бар:
1. Оқушы мұғалімге еліктеу арқылы үйренеді.
2. Арнаулы жаттығулар арқылы үйретіледі.
Оқуға үйрену барысында оқушының білігі мен дағдысын былайша бағалауға болады:
1. Баяу, бірақ дұрыс, түсініп, мәнерсіздеу оқиды;
2. Шапшаң, мәнерсіз, сөзді бұрмалап, түсінбей оқиды;
3. Шапшаң, дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқиды.
4. Орташа қарқынмен,дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқиды;
5. Өте баяу, бірқалыпты, дұрыс, түсініп, мәнерсіз оқиды.
Грамматикалық кідіріс.Грамматикалық кідірістің (бұл кейде «өлең аралық» немесе «тасымал кідірісі» деп те аталады) эмоциялылығы жоғары. Бұған әр сөзді бөліп, ашық, түсінікті, тыныс белгілеріне орай кідіріп оқу жатады.Грамматикалық кідірістер – тыныс белгілеріне байланысты қойылатын кідірістер. Жазуда белгілі бір нормативті басшылыққа ала отырып, сөйлемге тыныс белгілерін қоямыз. Тиісті тыныс белгілерін сөйлемнің мән-мағынасына байланысты қою – сауаттылықтың негізі. Ал осы сөздерді оқуда тыныс белгі қойылған жерге грамматикалық немесе нормативтік кідіріс жасау – мәнерлеп оқудың негізгі шарты. Әрбір тыныс белгіге кідіріс жасаудың өзіндік ерекшелігі бар. Хабарлы сөйлемнің соңында қойылатын нүктеге кілт тоқтамай, сөз соңындағы сөз немесе тіркес бояу созылыңқырай оқылады. Сол сияқты бастауыштан кейін қойылатын сызықшаға арнайы тоқталып, кідіріс жасамаса, бастауыштың синтаксистік қызметі өзгеріп кетуі мүмкін. Мысалы, Ол – инженер Асыл. Ол инженер – Асыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет