Оқу–әдістемелік құралы Түркістан, 2023 ддд 999. 99 ддд 99. 99 Д 99 Рецензенттер


ІV БӨЛІМ НЕГІЗГІ ПСИХОПАТОЛОГИЯЛЫҚ СИНДРОМДАР



бет52/82
Дата02.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#183329
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   82
Байланысты:
Жалпы Психопатолгия 1888

ІV БӨЛІМ

НЕГІЗГІ ПСИХОПАТОЛОГИЯЛЫҚ СИНДРОМДАР




Психопатологиялық синдромдар— түрлі сырқаттанған үрдістердің ағымымен байланысты болатын жоғарғы психикалық функцияларының бұзылыстарының жиыны. Осы психопатологиялық синдромдардың негізінде психикалық аурулардың көрінісі туындайды. Синдром аурудың ауырлық дәрежесін және сапалық ерекшеліктерін анықтайды. Психикалық сырқат кезінде симптомдар полиморфизмі орын алатынына байланысты синдромалды анализге маңызды орын беріледі.


Психопатологиялық синдромдар жіктелуі:
Синдромдар қарапайым (кіші) және күрделі (үлкен) деп ажыратылады.
Бірінші жағдайға мысал ретінде тітіркенгіштік және шаршағыштықтың қосарлануымен көрінетін астениялық синдромды айтуға болады. Әдетте қарапайым синдромдар жеткілікті нозологиялық спецификалылыққа ие болмайды және әртүрлі аурулардың көрінісі болады – жеңілден (невроздар) бастап, өте қиын патологияларға дейін (органикалық психоздар).
Егер қарапайым синдром ауыр аурудың инициалды көрінісі ғана болса, уақыт өте келе оның күрделіленуін байқауға болады (сандырақ, галлюцинация, тұлғаның айқын өзгерісі сиақты симптоматиканың қосылуы), яғни күрделі синдромның қалыптасуы.


Продуктивті және негативті симптомдар
Продуктивті симптоматика деп (позитивті симптоматика, плюс-симптом) сау адамдарда кездеспейтін, аурудың нәтижесі ретінде пайда болған жаңа феномен, бір жаңа функция деп айтуға болады.
Продуктивті симптоматикаға мысал ретінде сандырақ және галлюцинациялар, эпилептиформды пароксизмдер, психомоторлы қозу, жабысқақ ойлар, депрессия кезіндегі қатты қайғыру сезімі сиақты белгілерді атауға болады.
Негативті симптоматика (дефект, минус-симптом), керісінше, организмнің сау қызметін шектейтін аурудың әкелетін шығыны, қандай да бір қабілеттен айырылу.
Негативті симптоматика мысалына еске сақтау қызметінің (амнезия), интелекттің (кем ақылдылық) бұзылысы, жарқын эмоционалды сезім сезіне алмауы (апатия) жатады.



    1. Астениалық синдром

Астениалық синдром бұл кезде өте жоғары деңгейде байқалатын шаршағыштық, ашушаңдық және бірқалыпсыз көңіл-күйдің болуы, барлығы да ұйқысының бұзылуы және вегетативті симптомдармен бірлесе жүреді. Өте жоғары деңгейдегі шаршағыштық жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуімен, сіресе, интеллектуалді күш түскенде көрінеді. Науқас тез ойлай алмайтындыққа, ұмытшақтыққа, бір нәрсеге көп көңіл бөле алмайтындығына шағымданады. Олардың бір нәрсеге мән бөлуі қиындайды. Олар еркін күшпен нақты затты ойлауға тырысады, бірақ, олардың басында, айналасындағы отырған ісіне байланысы жоқ, мүлдем өзгеше ойлар еріксіз пайда болады. Елестету саны төмендейді. Сөз мәнері қиындайды, керекті сөздерді таңдап алу қиындайды. Елестетудің өзі нақтылығын жоғалтады. Науқасқа пайда болған ойы нақты емес, өзі мәнерлегісі келген ойды нашар айқындайтын сияқты болады, науқастар өздерінің жағдайының жеткіліксіздігін байқайды. Жұмыста бірнеше үзілістер жасайды, бірақ қысқа уақыттық демалыс жағдайын жеңілдетеді. Кейбіреулері еріктерін күштеп, пайда болған қиыншылықтармен күресуге тырысады, сұрақтарды түгелдей шешуге тырысады, бірақ, нәтижесінде одан әрі шаршағыштық, сабақта ұғымсыздық байқалады. Шаршау, мазасыздану сезімі, интеллектуалды жағдайының дұрыс


еместігіне көзі жетеді. Астениадағы қатты шаршаумен қатар интеллектуалдық қызметтің өнімсіздігінен, психикалық өзін ұстау жоғалады. Науқас өзін-өзі басқаруды жоғалтады, ашуланшақ, қызба, өтірікші, төбелескіш болады. Көңіл-күйі тез ауытқиды және жағымды, жағымсыз оқиғаларда көз жасына ерік береді, ашуланшақтық, әлсіздік. Үнемі гиперестезия байқалады, қатты дыбысты және аса жарықты көтере алмайды. Шаршағыштық, психиқалық жетімсіздік, ашуланшықтық, астенияда әр түрлі қатынастармен жүреді. Астения вегетативті де болуы мүмкін. Көбінесе, жиі жүрек-қантамыр жүйесі жағынан бұзылыстар кездеседі: артериялды қан қысымының тербелесі, тахикардия және пулс лабилділігі, жүрек аймағында әр түрлі жағымсыз немесе жай ауырсыну сезімдері болады. Тері жабындыларының тез қызаруы
немесе бозаруы, дененің қалыпты температурасында ыстықты сезінуі, керісінше, қалтырауы, әсіресе, тершеңдік жиі байқалады (кейде жергілікті табан, алақан, қолтық асты). Обсессиалық бұзылыстар (диспепсиалық) тәбеттің төмендеуі, ішек жолдарында ауырсынуы, спастиқалық іш қату. Ерлерде потенцияның төмендеуі жиі дамиды. Көптеген науқастарда бастың ауыруының әртүрлі орналасуын анықтауға болады. Баста ауырлық, қысып тұру сезіміне шағымданады. Астенианың алғашқы кезеңінде ұйқы бұзылыстары, ұйқының қашуы, үрейлі түстердің басым болуымен беткей ұйқы, түн ортасында оянып ұйқының қашуынан ерте тұрумен көрінеді.
Ұйқыдан соң тыңығу сезімі болмайды. Түнгі уақытта ұйқының болмауы байқалуы мүмкін, бірақ негізінде науқас түнде ұйықтайды. Астенианың тереңдеуімен бірге әсіресе физиқалық және психикалық жүктемеде, түңгі ұйқының бір уақытта жақсаруымен қатар, күндізгі уақытта ұйқышылдық сезімі басым болады. Астения симптомы таңертеңгі уақыттарда аз байқалады немесе болмайды, керісінше, кешке, күннің екінші жартысында астения анық көрінеді. Астения жағдайының дәлелді белгілерінің бірі, тәңертең жағдайының салыстырмалы қанағаттанарлық болуы. Осыған байланысты қандайда бір үй жұмысын орындағаннан кейін, науқас демалуы керек, астенияны тануда клиникалық көрінісінде бузылыстың тереңдігіне ғана мән бермей, сонымен қатар екі қосымша мәліметке мән беру керек науқастың конституциялық ерекшілігі және этиологиялық фактор. Көбінесе, бұл екі фактор өзара тығыз байланыста болады, сондықтан эпилептоидті мінездегі астения, өзінің айқын қозғыштығы және ашушаңдығымен, ал қорқыныш үрей белгілері бар адамдарда әр түрлі жабысқақ ойлармен үнемі үрейдің болуы мүмкін. Астения өте жалпылама және жиі кездесетін психиқалық бұзылыс. Оны кез-келген психиқалық және соматикалық ауруларда кездестіруге
болады. Олар көбінесе басқа да, невротиқалық синдромдармен бірге
жүреді. Астенианы депрессиямен салыстырмалы диагностика жүргізу
керек. Көп жағдайларда ажырату диагностикасы өте қиын, сондықтан
астено-депресивті синдром терминін қолданамыз.
Сонымен, астениалық синдром бұл:
1. психикалық және физикалық қажығыштық, шаршағыштық
2. вегето-висцералдық бұзылулар
3. ұйқы бұзылыстары
Клиникалық түрлері, сатылары:
1. гиперстениялық
2. гипостениялық
3. тітіркендіргіштікпен әлсіреу
Этиология бойынша бөліну:
1. психогендік
2. соматогендік
3. цереброгендік
4. физиогендік
5. адаптациялық
Клиникалық варианттары:
1. астено- адинамиялық
2. астено -депрессивтік
3. астено- алаңдаушылық
4. астено- ипохондриялық
5. астено -сенситивтік




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет