Тұлғаның регрессі Жеке құрылымның ыдырауының пайда болуы көрінеді. Оның әртүрлі клиникалық түрлері болады. Негативті бұзылыстар деңгейінде көрінеді. Бір түрінде айналасындағы құбылыстарға толық немқұрайлық байқалады. Бұл барлық психикалық тітіркенгіштерде эмоционалдық үрдістер болмайды (апатия). Еріктің белсенділігі бірден төмендейді (абулия) немесе оның мүлдем болмауымен көрінеді. Науқастарда тек кәсіптік жағдайлардың толық қалыптаспауы ғана емес, сонымен бірге туысқандарының қарауында болады. Осындай негативті бұзылыстар апатико-абулиялық синдромға сәйкес келеді. Апатия және абулиямен қоса моторика және іс-қимылы өзгеше болады. Іс-
қимылдың майысқақатығы (пластикалығы) және гармониялығы жоғалады. Тулғаның регрессі кезінде клиникалық көрінісі айқын аффективті лабилділік күшті болады. Интелектуалды-мнестикалық қызметтің айқын төмендеуі көрінеді. Науқастың осы бұзылыстарға сыны болмайды.
Психикалық маразм Негативтік бұзылыстардың, психикалық дефектінің ең ауыр түрі.
Ол психикалық қызметтің толық ыдырауымен, айналасындағылармен
қарым-қатынастың болмауымен, іс-әрекетке толық назар аудармауымен еркешеленеді. Маразм кемақылдылықтың ең ақырғы дәрежесі болып табылады (терминалды кемақылдылық). Осы жағдайда оған басқа деменция сәйкес келеді. Бұл деңгейде деменция тегістеледі. Бұл жағдай жалпы маразм білгілерімен бірге көрінеді – физикалық төмендеу, трофикалық бұзылыстар, жараның пайда болуы, ішкі органдардың дистрофиясы. Негативтік бұзылыстар психикалық аурулардың көбінде кездеседі. Әрбір нозологиялық түрге сәйкес негативті симптомдар көрінеді. Маниакалды –депрессивтік психозда психикалық іс-әрекет төмендеді немесе «меннің»науқас түсінетін өзгеруі. Шизофрения өзінің дамуында психикалық дефектің жетінші дәрежесіне жетеді – тұлға регрессі, одан төмен де болуы мүмкін. Эпилепсияда негативтік бұзылыстар тоғызыншы деңгейге жетуі мүмкін.Ол арнайылыққа ие болады да эпилептикалық деменция деп аталады. Оның негізі болып ойдың тұрақты болмауы, психикалық үрдістің жалпы баяулауы
(брадифрения), инертілік, сөйлеуідң кедейленуі (олигофазия). Науқастың өзінің тоны бірқалыпты, сөйлеуі терең емес,құрастырылуы қарапайым. Ол тұжырымдауы нақты жағдайға байланысты. Естің бұзылуы – эпилептикалық кемақылдылыққа тән белгі болып табылады. Үдемелі емес бас миының органикалық зақымдануында (жарақат, менингоэнцефалит, алкоголдік, кәсіби уланулар, странгуляциялық) негативтік бұзылыстар кең көрінеді – психикалық қызметтің төмендеуінен тоталды кемақылдылықа дейін.