Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Әлеуметтік және таптық қайшылықтың болмауы



бет115/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Әлеуметтік және таптық қайшылықтың болмауы. Дәстүрлі қазақ қоғамында таптық және әлеуметтік қайшылықтар, бір қауымның бірнеше жікке бөлініп, бір-біріне ымырасыз қарсы тұруы деген болмаған. Мұның себебі, біріншіден, белгілі бір аймақта өзара қандас туысқандар мекендеген. Екіншіден, дала тұрғындары әрдайым еркін және тәуелсіз еді. Үшіншіден, кең-байтақ дала кеңістігі көшпелілерге мал басын ұлғайту есебімен тез арада байып алуға мүмкіндік берді. Дала қауымдары арасында дау-жанжал туындап қалған жағдайда билердің билік келіеімімен тез арада әділ шешілетін. Қазақстанның кең-байтақ аумағы ағайындардың өзара қырылысып, бірін-бірі өлтірулерінен сақтанулары үшін басқа аймаққа көшіп кетуіне мүмкіндік беретін. Семей өлкетанушылар үйірмесінің жетекшісі, белгілі орыс зерттеушісі Н. Коншин бұл туралы былай деп жазды: «Бай мен кедейге бөлінудің ешқандай таптың сипаты болмаған. Туысқандық берік қатынастарға байланысты қоғамда таптың қайшылықтар орын алмады, кедейленген қазақ отбасы әрдайым бай ағайынның көмегіне сүйене алды».

  • Жеті ата шежіресін білу міндеті. Дала тұрғындары өз жеті атасынан бөлек, өзгенің де шежіресін жатқа білген.

    Осыған орай қазақтарда «жеті атасын білген өзін жеті жұртқа танытар» деген аталы сөз бар.
    Әрбір қазақтың жеті атасын білуі міндетті саналады. Біріншіден, шежірені білу сыртқы қауіп-қатер алдында қазақ қоғамын топтастырды. Екіншіден, ата-баба шежіресін білу көшпелілерге әрбір рудың көші-қон бағыты мен жайылым- дық жерін анықтауға көмектесті. Үшіншіден, жеті атаға дейін үйленуге тыйым салу әркімге өзінің және басқалардың шежіресін білуге әсер етті. Төртіншіден, шежірені жақсы білу жастардың бойында патриоттық сезімді нығайтты. Олар өздерінің ата-баба шежіресінен әрдайым атақты би, батырлар, ақындар мен жырау, әйгілі тұлғалардың есімдерін тауып, мақтан тұтатын. Балаларын да ата-бабаларының рухымен тәрбиелеген. Бұл туралы Торғай облысының әскери губернаторы Л. Мейер былай деп жазды: «Қырғыз (қазақ) халқының шежіресін құрастыру еш қиындыққа түспейді, тек бірнеше қазақтардан сұрасырса жетіп жатыр, олар барлық ру-тайпаның шежіресін жатқа айтады».



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   251




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет