Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет128/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Қара шығын - алдын ала көзделмеген, төтенше шығындар жұмсауға тура келген жағдайда халықтан тез жинап алынатын салықтың түрі.
Уезд - ХVIII-ХХ ғасырлардың бас кезіндегі Ресей империясының әкімшілік-аумақтық бірлігі.
II Александр (1818-1881) - 1855 жылдан Ресей императоры.



«Облыстар бұрынғы округтер орнына уезд бастықтары басқаратын уездерге бөлінді. Аға сұлтан және болыс сұлтаны деген лауазымды қызметтер, сондай-ақ приказдар жойылды. Қырғыздардың (қазақтардың. - авт.) өзін-өзі басқару жүйесі таратылып қана қойған жоқ, сонымен қатар мүлде басқаша құрылды. Қазақ болыстарын «құру кезінде» 1822 жылғы жарғыға сай рулық принцип негізге алынбай, енді аумақтық принцип негізге алынды. Өйткені патша үкіметі рулық ерекшеліктерді еске алуды саяси тұрғыдан алғанда зиянды деп тапты. Қазақтардың ежелден көшіп-қонып жүрген байырғы атамекен жерлері енді «мемлекет меншігі» саналды. Ол жерлер қазақтардың «мерзімсіз әрі қоғамдық негізде пайдалануына» берілетін болды. Бұрыннан алынып келген жасақ (салық) үй басына салынатын түтін салықпен (алғашқыда жылына 3 сом, ал кейінірек - 4 сом) алмастырылды...»
Коншин Н. Семей өлкесінің 1917 жылға дейінгі тарихи очеркі// Қазақ этнографиясы жөніндегі еңбектер. - Павлодар, 2005, 96-бет.



& 36-37. ХІХ ғасырдың 80-90-жылдарындағы әкімшілік реформалар


XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар бойынша қазақ халқының құқықтары тым шектелінді. Мұның өзі қазақтардың тарапынан қатты наразылық пен қарсы әрекеттер тудырды. Сондықтан да патша үкіметі 80-90-жылдары реформаны одан әрі жалғастыруға мәжбүр болды.
1. Торғай және Орал облыстарындағы көтерілістер. Қазақтар патша үкіметінің реформаларына ашықтан-ашық күшті наразылық танытты. Үкіметке қарсы көтеріліс жасайтын жағдай пісіп жетіліп келе жатты. Көтеріліс күтпеген жерден стихиялы түрде бұрқ ете қалып, 1868 жылдан 1869 жылға дейін созылды. Ол отаршылдыққа қарсы айқын сипат алды.
Көтерілістің басы-қасында ірі рубасылары жүрді. Қазақтар үкіметтің жіберген комиссияларын қабылдамады. Көтерілісшілер үкімет билігіне бағынудан үзілді-кесілді бас тартты. Халық қарулана бастады. Олар басқарудың жаңа ережелерін енгізуге, елді Ресей шенеуніктерінің басқаруына ашықтан-ашық қарсы болды. Ежелгі ескі тәртіпке қайтып оралуды талап етті.
Ашу қысып, зығырданы қайнаған елді басу үшін патша үкіметі бұрынғы ел билеген сұлтандарды араға салып көрді. Бірақ халық олардың сөзіне құлақ аспады. Қайта олардың өзін елдің көзінше масқара етті. Енді үкімет билігі мұсылмандардың Уфа губерниясындағы діни басшылығына қолқа салды. Алайда оларды да тыңдаған ешкім болған жоқ. Халық арасында енгізіліп жатқан жаңа тәртіп қазақтарды христиан дініне кіргізіп, шетінен шоқындыруға, әскер қатарына алуға, сондай-ақ алым-салық түрлерін еселеп арттыра түсуге алып барады екен деген қауесет қаптап кетті.
Жаңа ереженің қағазға басылған нақты нұсқалары болған жоқ. Қазақ даласына үсті-үстіне жіберіліп жатқан комиссиялар оны ауызекі айтып түсіндіре алмады.
Әуелі Орал облысында басталған толқу бірте-бірте көршілес Торғай облысын да қамтыды. Қазақтардың 600-700 адамнан тұратын жасақтары ауыл-ауылды аралап, патша үкіметінің әкімшілігіне бағынбауға, басқарудың жаңа тәртібінен бас тартуға шақырды. Қазақтарды бейбіт жолмен тыныштандырудың сәті түспеді, ол ешқандай нәтиже бермеді.
Мамыр айында Жайық бойындағы қазақ даласына жазалаушы әскери отрядтар жіберілді. Олардың құрамында жалпы саны 1700 солдат, бірқатар зеңбірек болды. Әскери қақтығыс болып, қан төгілетін кез келді.
1868 жылдың мамырында қазақтар Жамансай деген жерде фон Штемпельдің қүрамында 200 солдаты бар жаяу өскер ротасына шабуыл жасады. 20 мыңға жуық қазақ оларды, яғни жазалаушы отрядты жеті күн бойы қоршап, тырп еткізбеді. Сөйтіп жемшөбі мен азық-түлігі қалмаған жазалаушылар кері қайтып кетуге межбүр болды. Юрковский бастаған жазалаушы әскер де Орынбор шекара шебіне шегініп кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет