Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Поляктар. Поляктар Қазақстан аумағында алғаш рет XIX ғасырдың басында



бет163/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Поляктар. Поляктар Қазақстан аумағында алғаш рет XIX ғасырдың басында пайда болды. Олар патша үкіметі қазақ өлкесіне жер аударған поляк көтерілісшілері еді. Жергілікті өкімет билігі оларды өз еріктерінен тыс Жайық және Сібір казактарының қатарына зорлықпен тіркеп жіберген болатын.

Жер аударылып келген поляктар Польшадағы 1830-1831, 1863- 1864 жылдардағы Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық көтерілістерге қатысушылар еді. Олардың едәуір бөлігін поляктардың таңдаулы тобы - дворяндар құрады. Поляктардың қатарында ақын-жазушылар, суретшілер мен дәрігерлер, инженерлер және заңгерлер көп болды. Мәселен, Адольф Янушкевич қазақ халқының тарихын қызыға зерттеді. Суретші Бронислав Залесский «Қырғыз даласының тіршілік-тынысы» деген ғажайып картинасын салды. Оның «Қазақ сахарасына саяхат» деп аталатын альбом-кітабы 1865 жылы Парижде француз тілінде, 1991 жылы қазақ, орыс тілдерінде басылып шықты. Ақын Густав Зелинский қазақтар өмірінен «Қырғыз» және «Дала» деген дастандар жазды. Владимир Недзвецкий Жетісу мұражайының негізін қалады. Ал Семейге жер аударылған Северин Гросс «Қырғыздардың тұрмысын заңдық тұрғыда зерттеуге арналған материалдар» деген тамаша кітап жазды.
Патша үкіметі поляктарды әскери-әкімшілік қызметке де тартты. Поляктардың көпшілігі қалаларда тұрды. 1897 жылғы халық санағының деректері бойынша Қазақстанда мыңнан астам поляк тұрған. Олардың басым көпшілігі Орал, Семей, Ақмола және Сырдария облыстарында қоныстанған еді.
7. Қазақстанға өзге халықтардың жер аударылуы. Қазақстан аумағына XIX ғасырдың аяқ кезіне қарай жоғарыда көрсетілген этностық топтардан басқа да халықтар ағылып келе бастады. Ресейдің еуропалық бөлігінен келген неғұрлым елеулі диаспора мордвалықтар болды. 1897 жылы Қазақстанда олардың саны 12 мыңға жуықтады. Олар негізінен Ақмола облысының Көкшетау және Петропавл уездерінде, Торғай облысының Қостанай уезінде тұрды. Уақыт өте келе шағын ұлыстар орыс халқымен араласып, ассимиляцияланып кетті.
Іс жүзінде Қазақстанның барлық қалаларында да еврей ұлтының өкілдері болды. Олар Ақмола және Сырдария облыстарында шоғырланып қоныстанды. Ресейдің еуропалық бөлігіндегі еврейлердің кәсіп түрлерін таңдауына шек қойылуы және еврейлерді қырып-жою оқиғалары олардың Қазақстан қалаларындағы санының едәуір арта түсуіне жеткізді.
XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласына Украина мен Бессарабиядан болгарлар да келе бастады. Олар Қазақстанға жер жетіспеушілігінен қоныс аударды. Болгарлар 1908-1910 жылдары Семей облысының Павлодар уезіндегі Разумовка және Андрияновка селоларының, Торғай облысының Ақтөбе уезіндегі Болгарка селосының негізін қалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет