Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет50/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Жәңгірдің билік басына келуі. Бөкей хандығының негізін қалаған Бөкей хан 1815 жылы қайтыс болды. Оның өсиеті бойынша, хан тағы оның ұлы Жәңгірге қалдырылған болатын. Бірақ ол әлі небары 14 жаста еді. Сондықтан ол ержетіп, кәмелеттік жасқа толғанша хандықты Шығай сұлтан билеп тұрды.

Жас мұрагерді тәрбиелеуді патша шенеуніктері өз қолдарына алды. Жәңгір ержетіп, кәмелеттік жасқа толғанша Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде тұрды, сол кездегі үлгілі саналатын білім мен тәрбие алды. Ол хан тағына тағайындалар кезге дейін жан-жақты толық өзірліктен өткен билеуші болып та үлгерген еді. Жәңгір қазақ тілімен қатар орыс, араб және парсы тілдерін білді.
Жәңгір 1824 жылы Орал қаласында хан болып жарияланды. Ол хандықтың орталығы - Хан ордасының негізін қалады. Хандыққа біртұтас басшылық осы жерден жүргізілді. Жәңгір хан билік басында болған уақыт қазақтардың бұрынғы дәстүрлі тұрмысына елеулі өзгеріс жасалған, хан билігі күшейген, ислам дінінің ықпалы артқан, тауар-ақша қатынастары айналымға енгізілген маңызды кезең болды.

  1. Аймақтағы әлеуметтік-экономикалық, саяси даму барысындағы өзгерістер. Бөкей хандығының қазақтары орыс шаруаларының және казактардың жан-жағынан қоршауы жағдайында өмір сүрді. Олар Жайықтың сырт жағындағы тайпалас туыстарынан бөлініп қалды. Сондықтан да уақыт өте келе олардың өмірінде бірқатар елеулі өзгерістер қалыптаса бастады. Ондай жаңалықтардың енгізілуіне көбінесе Жәңгір ханның өзі бастамашы болды.

Біріншіден, мұнда аймаққа басшылық етудің кейбір өзіндік ерекшеліктері қалыптаса бастады. Өйткені Жәңгір ханның толық ішкі автономиясы және өз алдына дербестігі сақталды. Оның қолына бүкіл әкімшілік және сот билігі шоғырландырылған еді. Жәңгірдің тұсында әр руды оларды басқаратын старшындары арқылы жекелеген сұлтандар билеп-төстеді. Рубасылары мен старшындарды ханның өзі тағайындады. Старшындарға еңбекақы халықтан жиналатын салықтың есебінен төленетін. Бұрыннан бар төлемдер енді «мал басына салынатын салық» деп аталатын біртұтас ортақ салықпен ауыстырылды. Әркімнің меншігіндегі мал басы үш жылда бір рет есепке алынып отырды. Өзінің жеке билігін нығайта түсу үшін хан сот билігін өзі қатаң бақылауда ұстады. Барлық азаматтық және қылмыстық істер қаралатын сот ісіне ханның өзі тікелей қатысып отырды. Соттың қабылдаған шешімі мен шығарған үкімі жөнінде шағым жасауға рұқсат етілмеді. Неғұрлым ұсақ-түйек істердің тағдыры билер сотында шешіле беретін. Жәңгір хан билер сотының өкілдігіне едәуір шек қойды.
Аймақ билеушісі «тархандық» жүйесін енгізді. Тархан атағын алғандарға жер берілді. Олар хан салығынан, қоғамдық міндеткерліктен, айып-жазалардан босатылды. Атақ мұрагерлікке қалдырылып отырылды. Тархандар Жәңгір ханның сенімді тірегіне айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет