Басқарудың жаңа жүйесін енгізу. Басқарудың округтік жүйесіенгізілетін болды. Сөйтіп жаңа округтер құрылды. Округтер болыстарға бөлінді, ал болыстар ауыл әкімшіліктерінен тұрды. Әр округте 15-20 болыс, әр болыста 10-12 ауыл, ал әр ауылда 50-70 үй болатын болды. Сыртқы округтегілер Сібір қырғыздары (қазақтары. - а.вт.) облысына біріктірілді. Жаңа әкімшілік бірлігі орасан зор аумақты алып жатқан Омбы облысының құрамына кірді. Томск және Тобыл губерниялары мен Омбы облысы Батыс Сібір генерал-губернаторына бағындырылды. Оның орталығы Тобыл қаласында орналасты.
Округтерді сайланып қойылатын аға сұлтандар, болыстарды болыстар, ал ауылдарды - ауыл старшындары басқарды. Болыс сұлтандары мен ауыл старшындары әкімшілік, шаруашылық және полицейлік қызметтерді қоса атқарды.
Әр округте аға сұлтан басқаратын Округтік приказ (мекеме)құрылды. Оның құрамына Омбы облыстық басқарма бастығы тағайындайтын ресейлік екі заседателъ және сайланып қойылатын екі «құрметті қазақ» қатысуға тиісті болды. Ішкі күзет Сібір казактарынан іріктелді.
Басқарудың жаңа тәртібі мен әскер күшінің енгізілуі аға сұлтандар билігіне шектеу қойды. Аға сұлтанның билігі елде тек сөз жүзінде ғана қалды.
1822 жылғы реформа бойынша Орта жүздің әкімшілік құрылымы мен басқару жүйесі