Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет66/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

5. Қала халқы санының өсуі. Қала халқының саны бірте-бірте өсе түсті. Қалалықтардың саны шаруалардың ағылып келуіне байланысты елеулі түрде өсті. 1882 жылдан бастап Ақмолаға саяси жер аударылғандар да келе бастады. Мәселен, әр жылдары М. Кутневский, П. Румянцев, Б. Ендрушек, Ф. Иваницкий, А. Богомолец, А. Уфимцев және басқалары, барлығы 50-ден астам саяси жер аударылып келгендер, өз мерзімдерін осы қалада өтеп қайтты. Олардың қай-қайсысы да талантты әрі дарынды жандар болатын. Мәселен, А. Уфимцев белгілі өнертапқыш әрі авиаконструктор еді.
1914 жылы қала тұрғындарының саны 16,5 мың адамға жуықтады.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде Ақмола Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени тұрғыдан алғанда ірі орталықтарының бірі болуға лайықты екенін көрсетті. Поляктың қазақ жеріне жер аударылған зерттеушісі А. Янушкевич: «Ақмола - бүкіл даланыц болашақ астанасы» деген ой айтты. Орыстың көрнекті ғалымы және қоғам қайраткері Г. Н. Потанин Қараөткелде (қазіргі Астанада) қазақтардың астанасы болатынын, онда дербес жоғары оқу орны ашылатын күнді кездейсоқ армандамаған болуы керек.


Депутат - қалалық өзін-өзі басқару органының мүшесі.
Тоғай - сазды жерлерде өсетін бұта түріндегі шағын тал шоғыры.
Броневский Семен Богданович (1786-1858) - Дербес Сібір корпусының бастығы (1823-1826). «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар» атты еңбектің авторы.



«Саудагерлердің Ақмолаға орналасып алуы жыл өткен сайын арта түсуде. Өйткені онда сауда-саттық жақсы дамып келеді. Ақмола Сібір қырғыздарының қақ ортасында. Оны Ташкент пен Қоқаннан Петропавлға келетін керуендер басып өтеді. Сондықтан да қырғыздар Ақмолаға келіп, өздеріне күнделікті тұрмысына керек-жарақты заттарды сатып алады. Керуендер алып келген тауарларын осы жерде-ақ сатып бітіреді. Біздің саудагерлеріміз салған сауда үйлері қатарында қазір 70-ке жуық дүкен бар. Генерал-губернатордың пікірі бойынша, Ақмола елді мекені енді көп ұзамай-ақ Батыс Сібірдегі ең тамаша сауда орындарының біріне айналатын болады... (1862 жылғы 7 мамыр)».
Ресей Федерадиясы Орталық мемлекеттік тарих мұрағаты. 1265- қор, 2-тізім, 78-іс, 2-бет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет