Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Билік үшін бақталас күрес және біртұтас халық майданыныц ыдырай бастауы



бет11/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Билік үшін бақталас күрес және біртұтас халық майданыныц ыдырай бастауы. Аңырақай шайқасынан кейін жауды түбегейлі біржола жеңудің ауылы алыс қалған жоқ еді. Бірақ тап осы кезде сұлтандар мен хандар арасында тақ таласы басталды. Бүкіл қазақтың ұлы ханы болуға Әбілқайыр мен Сәмеке дәмелі болатын. Бірақ қазақ ақсүйектерінің тобы бұл ең жоғары лауазымды орынға іс жүзінде ешқандай айтулы қызметімен көзге түспеген Әбілмәмбетті сай- лауды лайық деп тапты. Өйткені аймақтық билеушілерге билік басында күшті тұлғаның отыруы керек емес болатын.

Қазақтың біріккен әскери күштерінің бас қолбасшысы, Кіші жүздің ханы Әбілқайыр мен Орта жүздің ықпалды ханы Сәмеке әлгі шешімге келіспейді. Сондықтан олар соғыс қимылдары жүріп жатқан аумақтан өз әскерлерін алып кетеді.
Өкінішке қарай, зор қиындықпен құрылған жалпықазақтық әскери жасақ аяқ астынан ыдырап шыға келді. Қалыптасқан қиын жағдайдан шығудың ендігі жолын әр жүз өздерінше жеке-жеке іздестіруге көшті. Мәселен, Ұлы жүз жоңғарларға әлі де уақытша бағына тұруға мәжбүр болды. Оларға аманат беріп, жыл сайын алым-салық төлеп тұрды.
Жоңғар шапқыншылығының зардабын бәрінен де көп тартқан Орта жүздің жауға қарсы күресті одан әрі жалғастыра беруіне тура келді. Ал Кіші жүз үшін мүлде басқаша жағдай қалыптасты. Ол жан-жағындағы халықтардың қатерлі тығыз қоршауында қалып қойды. Олар хиуалықтар, түрікмендер, Еділ қалмақтары, Жайық казактары және башқұрттар еді. Өйткені бұл кезде олардың қай-қайсысымен де қарым-қатынас нашарлап, шиеленісіп тұрған болатын.

  1. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің тарихи маңызы. Сонымен XVIII ғасырдың екінші ширегінің бас кезінде қазақ халқы өз азаттығы жолындағы Отан соғысын жүргізді. Жалпықазақтық біріккен әскери жасақ жоңғар басқыншыларына ұйымдасқан түрде үсті-үстіне соққы бере бастады. Мұның өзі көбінесе қазақтың үш жүзінің, бүкіл қазақ халқының күш-жігер біріктіруінің арқасында мүмкін болды. Қазақ халқын түгелдей қырып жіберу қаупі ел билеушілеріне бұрын болған алтыбақан алауыз ырың-жырыңды ұмыттырды. Бас қоса бірігіп, жоңғар басқыншыларына үсті-үстіне соққы беруге мәжбүрлікпен жұмылдырды.

Хан, сұлтандар, билер мен батырлар қазақ мемлекеттілігін қалайда сақтап қалуға күш-жігерін барынша аямай жұмсады. Бұланты және Аңырақай шайқастары қазақ сарбаздарының жауынгерлік рухын күшейтіп, аспандата биікке көтерді. Ол шайқастардағы жеңіс халық болып топтасқанда кез келген күшті жауды жеңіп шығуға болатынын айқын көрсетіп берді.
Бұл соғыста қазақ халқының туысқан қарақалпақ және қырғыз халықтарымен жауынгерлік одағын құрудың негізі қаланды. Сонымен қатар бұл кезде, XVIII ғасырдың 30-жылдарының бас кезінде, билік жолындағы тақ таласы қазақтардың күшін ыдыратуға тағы да алып барып соқты, олар ақыр аяғында елдің тәуелсіздігінен айырылып тынды.


Аманат - кепілдікке берілген адам. Көрші мемлекеттің басшылары жасалған шартқа адалдық белгісі ретінде қазақ хандарының, сұлтандарының, билері мен батырларының беделді отбасынан балаларының біреуін кепілге алатын болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет