Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет12/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Қарақалпақтар - Оңтүстік Арал аймағында көшіп-қонып жүретін түркі тектес халық. Қазір қарақалпақтар Өзбекстан Республикасының аумағында тұрады.


Бөгенбай Ақшаұлы (1680-1778) - әскери қолбасшы, дипломат, жоңғар қалмақтарымен болған соғыста бүкіл халықтың басын қосып, жауға қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі. Ол Абылай ханның ықпалды да беделді жақын серіктерінің бірі болған.
Қаракерей Қабанбай (Ерасыл) Қожағұлұлы (1691-1769) - әскери қолбасшы, даңқты батыр, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес жетекшілерінің бірі. Қазақтардың ірі жауынгерлік жасағын басқарған. Соғыста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Абылай хан Қабанбайды Дарабозым, яғни «білегін Айға білеген батырым» деп атаған.
Райымбек Хангелдіұлы (1705 - өлген жылы белгісіз) - Ұлы жүздің албан руынан шыққан белгілі батыр, жоңғарларға қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі.
Есет Көкіұлы (1667-1749) - Кіші жүзден шыққан батыр, әскербасы. Кейінірек ол патша үкіметінің тарапынан тархан атағын алған. Қалмақтарға қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі.



«Баянауыл тауындағы Жасыбай және Торайғыр көлдері жатқан екі үлкен шатқалды сай ең көркем таңдаулы жерлер деп саналады... Бір таудың басындағы көлдің жанына Жасыбай батыр жерленген екен. Әлгі көл соның атымен аталын кетіпті... Қазақтар қалмақтарды Баянауыл аймағынан ығыстырған сол бір алыс жылдарда Жасыбай сонда тұрыпты. Ол жағаласқан жауына есесін жібермеген, кегін алмай қоймаған белгілі батыр болыпты. Бір күні Жасыбайға қазақ жасақтарының қолбасшысы Олжабай батыр шағын ғана жасақ алып, мың-мыңдаған қалың қалмақты қарсы алдынан тосқауыл қойып, тау ішінен шығармай, қамап ұстау туралы бұйрық беріпті. Сұрапыл соғыс басталып кетіпті. Онда Жасыбай ғажайып ерліктің үлгісін көрсетіпті. Қалмақ ханы оны өлімші етіп жаралағанға дейін қайтпай соғысыпты... Қазақтардың азғана тобы енді қайтеміз деп сескене бастағанда Олжабайдың қалың қолы келіп жетіпті де тау іші қалмақтардың жандарына сауға сұрап, күңіренген даусының жаңғырығына толып кетіпті...»
Коншин Н. Қазақ этнографиясы бойынша еңбектер (қайта басылымы). - Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ. 2005, 42-43, 310-беттер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет