Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет15/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Әскери дайындық. Көшпелілер әскер ісіне жастайынан дайындалатын. Әр адам 3-4 жасар бала кезінен бастап ат құлағында ойнауға және қару-жарақ түрлерін шебер қолдануға жаттығатын. Аң аулауға шығу, дәстүрлі ат-спорт ойындары және басқа да жарыс түрлері далалықтардың бойында ерекше жауынгерлік қабілеттерді қалыптастырды. Әскери дайындығының шыңдалуына көкпар мен аударыспақ ойынының да септігі тиді. Жаяу және атпен шауып келе жатып, жан-жағына садақ атуды меңгеру әскери дайындықтың аса маңызды құрамдас бөлігі еді. Күнделікті және ұзақ уақыт атқа міну адамның бойында шыдамдылық, ептілік және қажыр-қайрат қасиеттерін қалыптастырды.

Табиғатынан қырағы дала тұрғындарының мергендігімен аты шықты. Олар мылтықтың бір оғымен аспанға лақтырылған теңгені қағып түсіретін, садақ жебесімен құралайды көзге ататын асқан мерген келетін. Әскери дайындық деңгейінің жетілуіне қазақша күрес те зор рөл атқарды. Әдетте қазақша күрестің әдіс-амалдарын меңгеруге бала кезінен жаттығатын. Аңшылық әскери дайындықтың бір түрі еді. Қорыта айтқанда, ат спорты ойындары мен аңшылық қазақ халқының әскери өнерін шыңдай түсті. Қазақ халқының жауынгерлік рухы жоғары болды.
6. Қазақтардың жауынгерлік қасиеті. Далалықтарға шыдамдылық пен төзімділік, батылдық пен ержүректік қасиеттер тән еді. Шетелдік және ресейлік зерттеушілер қазақ халқының жоғары жауынгерлік қабілеті жайлы ерекше атап өткен. Мәселен, Кіші жүздің тұрмыс-салтын жақсы білетін Ф. М. Лазаревский XIX ғасырдың ортасында былай деп таңдана жазды: «Қырғыздар (қазақтар) өздерінің көршілеріне қарағанда ерекше батыр және ержүрек келеді». Орыстың белгілі әдебиетші ғалымы В. С. Бурнашевтың айтуынша «қазақтардың батырлығы дөңгелек қара көздерінде ұшқын атып, жаньт тұр, ал мығым денелері табиғатынан ерекше күшті жаратылғанын көрсетеді».
Қазақ даласында әйелдер де жауынгерлік қабілеті жағынан ер кісілерден қалыспаған. Бұған Ресей зерттеушісі Ф. Назаровтың мына сөзі айқын дәлел: «Қырғыздар (қазақтар), әсіресе атқа мықты, өйткені балалары төрт жасқа келер-келместен, оларды атқа мінгізіп үйретеді. Бұлардың әйелдері де атқа мықты, қолдарына сойыл алып жауға шапқанда, еркектерге бергісіз».
Жаңа заманның белгілі ағылшын ғалымы Д. Флэтчер де қазақ жауынгерлерінің ерлігі жайлы таңдана жазған: «Олар өлімнен қорықпайды, жау қолына түскеннен қолына қару ұстап ақырғы демі шыққанша шайқасып өлгенді ерлік санайды». Қазақ халқы асқан жауынгерлік ерлігі мен батылдығының арқасында бүгінгі Франция жерінен бес есе артық кең-байтақ аумақты жауға бермей, көзінің қарашығындай сақтап, ұрпағына мұра етіп қалдырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет