Байымбет (1708-1790) - Қазақ хандығының көрнекті батырларының бірі. Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде жерленген. Оның ұрпақтары Ресей аумағындағы батырдың есімімен аталатын Байымбет ауылында тұрады.
«Жорыққа аттанар алдында әрбір салт атты 20 жебе салынған қорамсақ асынады, жауға атылған әрбір жебенің мүлт кетпеуін қадағалайды... Жаудың қаупі төнгенде өз отандастарына күндіз аттың үстінде оңға-солға бұрылу, түнде алау жағу арқылы белгі береді». Гавердовский Я. П. Қырғыз-қайсақ даласы (2-бөлім), немесе қырғыз-қайсақ елі мен халқы жайлы шолу (1803) ХVІ-ХХ ғасырлардағы орыс деректеріндегі Қазақстан тарихы. - Алматы, 2006. VII том, 433- 436-беттер.
Империя деғеніміз не? Ежелгі дүние мен орта ғасырлар тарихынан сендер қандай империялардың болғанын білесіңдер? 1. Қазақ-орыс қатынастары. Қазақ хандығы мен Орыс мемлекетінің арасындағы байланыс XVI ғасырдан бастау алады. Ол кезеңде олар, негізінен, дипломатиялық және сауда-саттық қатынастарымен шектелді. Қазақ билеушілері өздерінің солтүстіктегі көршісімен сауда байланысын орнатуға көбірек мүдделілік танытты. Олар өз тарапынан, мәселен, Қайып хан Ресеймен әскери одақ құруға әрекет жасады. Өйткені шығысындағы Жоңғариямен әскери-саяси тұрғыда қарама-қарсылық туындай бастаған болатын.
1715 жылы қазақ даласын отарлау мақсатында И. Д. Бухгольцбасқарған арнаулы әскери экспедиция ұйымдастырылды. Әскери экспедиция Тобыл қаласынан Ертіс өзенін бойлай жорыққа шықты. Жәмішев бекінісінің іргесі қаланды. Бекініс салуға жоңғарлар қарсы шығып, И. Д. Бухгольц адамдарымен кері қайтып кетуге мәжбүр болды.
Кейінірек патша үкіметі Ертіс өзенінің бойында әскери бекіністер шебін салуды одан әрі жалғастыру ісін қолға алды. Бұл міндетті орындау үшін басқа бірқатар әскери экспедициялар жіберілді. 1716 жылы Омбы, 1717 жылы Железинск, 1718 жылы Семей, 1720 жылы Өскемен бекіністері салынды. Мұндай бекіністердің салыну себебін Сібірдегі орыс өкімет орындары Жоңғар қалмақтарына қазақтардың шапқыншылығынан қорғану үшін, ал қазақтарға жауынгер жоңғарлардың шапқыншылығынан қорғану үшін салынып жатыр деп түсіндірумен болды. Ал істің шын мәніне келгенде, ол бекіністер патша үкіметінің Ертіс өзені бойындағы жағдайын күшейту үшін өте қолайлы аймақ еді. Ондағы негізгі мақсат алдағы кезде Қазақ хандығының аумағын да, жоңғар қонтайшыларының қол астындағы жерлерді де басып алып, өзіне қарату болатын. Бұл жөнінде белгілі орыс ғалымы Н. Коншинбылай деп жазды: «Ертіс бойындағы бекіністер шебі осылай құ- рылды. Оның міндеті оң жағалаудағы жерлерді жоңғарлардан, ал одан соң көп ұзамай-ақ қырғыздардан (қазақтардан) қорғау еді». XVIII ғасырдың бас кезінен-ақ Ресей Қазақ хандығына елшілер жіберуді жиілете бастады.
Ресей сауда-саттық, одақтастық қатынастардың мәселелерін ретке келтірумен қатар Қазақ хандығын өз қол астына қаратудың жолдарын да іздестірумен болды. Патша үкіметінің ондай арам ниетті іс-әрекеттері қазақ елінің билеушілері тарапынан қатты қарсылық тудырды. Шекара аудандарында жерге талас негізінде шиеленісті оқиғалар болып жатты.
2. Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері. Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол табыс баянды бола қоймады. Хандар мен сұлтандардың тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды. Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды.
Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының қадір-қасиеті де шешуші рөл атқарды.
жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одак, жасасуды ұсынды. Алайда Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілқайырдың батыр Сейітұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Петербургке келді. Елшілік Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс етті.
Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Бұған дейін Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Қабарда кінәздігі қосылған болатын.
жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Бұл грамотаға қол қою кезінде бірқатар шарттар қойылатыны ескерілді. Біріншіден, Әбілқайырдың қол астындағылар Ресейге башқұрттардың үлгісі бойынша мұқият жасақ төлеп тұруға міндетті болды. Екіншіден, Ресейдің қол астындағы өзге халықтардың тарапынан қазақтарға шабуыл жасауға тыйым салынуы тиіс болды. Үшіншіден, қазақтарға олардың жаулары шабуыл жасай қалған жағдайда Ресей қазақтарды қорғауға міндеттенді. Төртіншіден, Әбілқайыр Ресейдің қол астындағы халықтардан алынған тұтқындарды қайтаруы, ал қалмақтармен және башқұрттармен тату-тәтті бейбіт жағдайда өмір сүруі тиіс болды. Алайда содан көп кейінгі оқиғалар ол шарттардың бірде-біреуін екі жақтың да орындамағанын көрсетті. Екі жақ та өздерінің пайдаларын көздеумен болды. Империяның қол астына қараудың жалған сипаттары ғана орын алды. Дегенмен, бұл Қазақ хандығының Ресей империясына қосыла бастауының басы еді.