Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Сырттан төнген қауіп-қатердің күшеюі



бет5/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Сырттан төнген қауіп-қатердің күшеюі. XVIII ғасырдың бас кезінде Қазақ мемлекетінің іштен ыдырауы күшейе түсті. Ол сыртқы алпауыт мемлекеттердің жіті назарында болды. Өйткені бұл кез империялық мемлекеттердің жаңа отар аймақтарды басып алуды күшейткен тұсы еді. Егер Үндістан аумағында Англияның отаршылдық экспансиясы ұлғая түсіп жатса, Ресей Швециямен соғыс әрекеттері аяқталғаннан кейін, Қазақстан мен Орта Азияға назарын күшейтті.

Қытай мен Ресей империясы Қазақ хандығы мен Жоңғария хандығы сияқты көшпелі мемлекеттердің әлсіреуіне бірдей мүдделі болды.
Ресей империясының Қазақстанмен шекаралас аймақтардағы негізгі қызметі дипломатиялық қарым-қатынастар орнатуды және әскери барлау шараларын жүргізуді еселеп күшейтуге бағытталды. Бұл шаралар әскери бекіністер желісін салуды жиілендіріп жіберді.
Бұл кезде қазақтар Еділ қалмақтарының, башқұрттардың, Орал және Сібір казактарының тарапынан үнемі жасалып тұрған шабуылдардың ауыр зардаптарын бастарынан кешірумен болды. Ал олардың бәрі де патша үкіметінің қол астына қарайтын орыс бодандары еді. Қазақтарды оңтүстік-шығыстан жауынгер жоңғар қалмақтары ығыстыра түсті. Жалпы алғанда, бұл кезде шекаралық аймақта өте күрделі де қауіпті жағдай қалыптасты.



XVIII ғасырдың басында Қазақстан аумағына шабуыл жасап тұрғандар

Еділ қалмақтары

Жоңғарлар

Башқұрттар

Орал казактары

Сібір казактары




  1. Жоңғарлардың Қазақстан аумағына басқыншылық жорықтары. Қазақстанға нақты қауіп-қатер қуатты көшпелі Жоңғар мемлекетінің тарапынан төнді. Жоңғар қонтайшылары Қазақстанның кең-байтақ аумағын басып алуға талай рет белсене әрекет жасады. Сөйтіп қазақтар мен жоңғарлар арасындағы билік жолындағы кескілескен күрес ұзақ жылдарға созылды. Қазақтардың жоңғарларды «ата жауымыз» деп атауы сондықтан болатын. Екі мемлекеттің арасындағы бақталас жанжалдың себебі шұрайлы мал жайылымдарына қызығушылық болатын.

1697 жылы Жоңғар хандығының басына жас әрі қуатты билеуші Цеван-Рабтан келді. Ол қысқа мерзімнің ішінде өз хандығының әскери күш-қуатын нығайтып алды. Цеван-Рабтан өзінің билікке кіріскен кезін Қазақстанның аумағына баса-көктеп кірген шапқыншылықтан бастады. 1698 жылы 40 мың жауынгері бар жоңғар әскері Ұлы жүздің көшіп-қонып жүрген шұрайлы мал жайылымы аумағына ойран салған қырғын шапқыншылық жасады. Қаһарлы дұшпан қазақтардың көшіп-қонып жүрген жерлеріне бұдан кейінгі жылдарда да талай рет әскери жорықтарға шықты.
Жау әскерлері өздерінің көптігі мен әскери-техникалық жағынан басымдығы арқасында Жетісу жерінің бір бөлігін басып алды, Жоңғар хандығы қуатты мемлекетке айналды. Ол енді Қазақ хандығына ғана емес, сонымен қатар Орта Азия мемлекеттеріне де қауіп төндіре бастады. Ресей мен Қытай сияқты күшті мемлекеттерге де едәуір қауіп төндірді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет