Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет7/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

& 2. Жоңғар шапқыншылығы


Қазақтар жоңғарлармен ұзақ уақыт бойы кескілескен қанды шайқастар жүргізіп келді. Алайда соның ішіндегі ең ауыры «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған, ұлттық қайғы мен қасіретке толы апатты жылдар болды.
1. Жоңғар мемлекетінің нығаюы. 1635 жылы Батыр қонтайшы бастаған Жоңғар хандығы құрылды. Ол Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағында еді. 1640 жылы жоңғарлар «Далалық жарғы» деген атпен әскери және азаматтық заңдар жинағын шығарды. Жоңғарлардың бірлігі нығайды, әскери күш-қуаты арта түсті. Әскердегі тәртіп нығайтылды. Майдан алаңын тастап кеткендерге мал-мүліктік айып салынды. Сатқындар қатаң жазаланып, өлім жазасына кесілді. Соғыс жағдайы кезінде жоңғарлардың әрбір рулық бөлімшесі өте қысқа мерзімнің ішінде жауынгерлік бірлік тобына айналып шыға келді. Жоңғар хандығы жауынгерлерінің жалпы саны 100 мыңға дейін жететін қуатты атты әскер шығара алатын еді. Жоңғарлар әскерінің қатарында атқыштар құрамы да болды. XVIII ғасырдағы неміс ғалымы И. Георги «олар мылтықтарын аттан түсіп ататын» деп жазды.
Жоңғар әскері өз қатарын жылдам толықтырып отырды. Олардың заңы бойынша жыл сайын 40 отбасы кем дегенде 4 бойдақ жігітті үйлендіруге тиісті болды. Қалыңдыққа төленетін қалыңмалды үйленуші жігіттер үшін өздері төледі. Әскер қатарына құлдар да шақырылды. Құлдар жоңғар қоғамында жоғары бағаланды. Мәселен, құлды өлтіргендерге 45 бас мал айып салынды.
Жоңғарлар соғысуға машықтанған еді. Оқ-дәріні селитра мен күкірттен өздері қолдан жасап алатын. Олардың қолынан қылыш, сауыт, дулыға және басқа қару-жарақ түрлерін жасау да келетін.
XVII ғасырдың аяқ жағына қарай жоңғарларда білтелі мылтық пайда болды. Жоңғарлар тіпті зеңбірек жасауды да үйреніп алды. Зеңбірек құюды оларға тұтқын болып қолға түскен швед Иоган Густав Ренат үйретті. Жоңғарларда шекаралас жатқан мемлекеттердің аумағында жүріп, құпия ақпараттар жинаумен айналысатын жансыздардың - тыңшылардың кең жүйесі құрылды.
Жоңғария өзімен көрші мемлекеттердің жерін тартып алуды көксеген, барынша әскерилендірілген мемлекетке айналды.
Жоңғария тұрғындары да қазақтар сияқты көшпелі және жартылай көшпелі халық еді. Негізінен мал шаруашылығымен айналысатын. Халқының саны 1 миллионға жуықтайтын. Олар алым-салық төлеп тұрды, әскер қатарын толықтырып отырды. Жоңғарияның өзімен көрші мемлекеттерге күшті қауіп төндіргені соншалық,
XVIII ғасырдың бірінші жартысында тіпті Қытайдың сыртқы саяси қызметі негізінен осы мемлекетке қарсы күрес жүргізіп, оны әлсіретуге бағытталды.
2. Қазақстан аумағына жоңғар басқыншылығының себептері. Қазақ жері Жоңғария билеушілерін бұрыннан қатты қызықтыратын. Оның себебі, біріншіден, Жетісу мен Сырдария өңірін басып алатын болсақ, онда Жоңғарияны Ресей мемлекетімен, Сібірмен, Орта Азия хандықтарымен байланыстыратын аса маңызды сауда жолдарының торабын өз бақылауымызда ұстаймыз. Одан әрі Ауғанстанға, Иран мен Кавказға жол ашылатын болады деп үміттенді. Екіншіден, Қазақстанды жаулап алсақ, бағынған халықтан қосымша алым-салық алып тұрамыз деп ойлады. Үшіншіден, басқыншыларды қазақтың кең-байтақ даласындағы шұрайлы мал жайылымы мен Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы сауда-қолөнер орталықтары қызықтырды. Төртіншіден, Қазақстан аумағын жаулап алу жоңғарлардың Еділ мен Жайық аралығында көшіп-қонып жүрген қандас тайпалары құба қалмақтарымен кедергісіз тікелей байланыс орнатып, қарым-қатынас жасауына жағдай туғызатын еді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет