Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Жұт - қыс қатты болған жылдары аштықтан, суықтан малдың қырылуы, мал өлімі, індет. Канси (1654-1722) -



бет9/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Жұт - қыс қатты болған жылдары аштықтан, суықтан малдың қырылуы, мал өлімі, індет.
Канси (1654-1722) - Қытайдағы Цинь династиясы әулетінің екінші императоры.
Цеван-Рабтан (1663-1727) - жоңғар билеушісі. Жоңғарлардың Қазақстан аумағына жаппай баса-көктеп шабуылға шығуы соның атымен тығыз байланысты болды.



«Орта жүз қырғыздарына (қазақтарына. - авт.), жоңғарлардың Ертіс пен Есіл өзендері бойында көшіп-қонып жүрген уақ және керей (руларының), Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандардың иелігіндегі (жерлерге) 15 000 қолмен шабуыл жасауы салдарынан ондағы қырғыздар (қазақтар) өздерінің мал-мүлкін тастап, Жайықтың (Оралдың) бойына көшіп кетті. Қысқа қарай қалмақтар мен башқұрттар жағына өтпек ниетте болды. Ұлы мәртебелі патшайымға шын берілген қырғыздарды (қазақтарды) күйзелтіп, мал-мүлкін талан-таражға салуына ешқандай да жол бермеу туралы алдын ала бұйрық берілді».
Крафт И. И. Далалық аймақтардағы қырғыздар (қазақтар) туралы заңдар жинағы. СПб., 1901, 8-бет.



& 3. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі


Қазақ халқы өте күрделі қиын-қыстау уақытта тек өз күштеріне ғана үміт артып, біріге бастады. Бүкіл халықтың күш-жігерін жұмылдыру қазақтардың жоңғарларға қарсы күресте екі ірі шайқаста - Бұланты және Аңырақай шайқастарында шешуші жеңістерге қол жеткізуіне мүмкіндік берді.
1. Жауға соққы беруді ұйымдастыру. Жоңғар шабуылының салдарынан қазақтардың басына түскен аса ауыр жағдай оларды қалайда күш біріктіруге мәжбүр етті. Осылай ету қажеттігін үш жүздің өкілдері түгел түсінді.
Әбілқайыр хан 1723 жылы 20 мың жауынгері бар жасақты бастап, жоңғарлардың қандас одақтасы Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы бірнеше жеңісті жорық жасады. Өз тылын осылайша қауіпсіз еткен ол қалың қолын бастап, Сырдария бойына қарай бет алды. 1724 жылдың көктемінде Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласына жетіп, оны тікелей шабуылмен азат етті. Қаланы бір жыл бойы өз қолында ұстап тұрды. Бірақ жаудың еселенген көп күшінің тегеурінді қысымымен қаланы тастап шықты.
Әбілқайыр хан құрамында 50 мың жауынгері бар бірлескен қазақ- қарақалпақ әскерінің қолбасшысы болды. Сөйтіп жоңғарларға қарсы бірнеше сәтті жорық жасады. Осы кезде оның ұйымдастырушылық таланты, ірі әскери қолбасшы ретіндегі қабілеті, жеке өз басының қаһарман ерлігі айқын танылды.
Жауға неғұрлым жылдам әрі күйрете соққы беруді ұйымдастыру қажеттігі бүкіл қазақтың күш-жігерін біріктіруді талап етті. Осы мақсатпен 1726 жылдың күзінде Ордабасы тауында (қазіргі Шымкент қаласының батыс жағында) Бүкілқазақтық құрылтай болып өтті. Оған қазақтың хандары, үш жүздің сұлтандары, билері, батырлары келді.
Қазақтар бір-біріне барынша берілген, адал болуға осы Ордабасыда ант берісті. Құрылтайға қатысушылардың бірауыздан ұйғаруымен Әбілқайыр хан бүкілқазақтық әскери жасақтың бас қолбасшысы болып сайланды. Құрылтай жиналысының шешімдері қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресінде өте маңызды рөл атқарды. Қазақ қоғамының бүкіл күш-жігерін нақты іс жүзінде біріктіру қолға алынды. Әрбір ру өзінің жауынгерлік жасақтарын құрып, бүкілқазақтық үлкен жасаққа алып келіп қосуды қасиетті міндетіміз деп білді.
2. Ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшілері және оған қатысушылар. Басқыншы жауға қарсы күреске бүкіл қазақ халқы көтерілді. Ірі-ірі әскери жасақтарды Әбілмамбет, Барақ, Сәмеке, Әбілқайыр, Сұлтанбет сияқты хандар мен сұлтандар, Шыңғысханның басқа да көптеген ұрпақтары басқарды. Жас сұлтан Абылайдың беделі тап осы кезеңде көтерілді. Ол кейін қазақтың аса құрметті, беделді де айбынды ханына айналды.
Азаттық күресіне идеялық басшылық жасауды қазақтың үш жүзінің аса көрнекті үш биі өз міндеттеріне алды.
Басқыншыларға қарсы қарулы қарсылықты ұйымдастыруда қазақтың әртүрлі рулары мен тайпаларынан және жүздерінен шыққан Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Жасыбай, Есет, Малайсары, Жәнібек, батыр Баян, Олжабай, Қожаберген, Тайлақ, Бөлек, Саңырақ, Жабай, Бердіқожа, Жарылғап сияқты басқа да көптеген батырлары маңызды рөл атқарды. Батырлар жеке дербес жасақтарды басқарды және оларды қанды шайқасқа, ерен ерлік көрсете отырып, өздері бастап кірді.
Жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың қайсар қыз-келіншектері де белсене қатысты. Атап айтқанда, Абылай сұлтанның қызы Айтолқын, Бұланбай батырдың қызы Айбике және басқалары жаумен қаһармандықпен шайқасты. Ал Қабанбай батырдың әйелі Гауһар барлаушылар жасағын басқарды. Ол барлық ірі шайқастарға да қатысты.
Жоңғар шапқыншылығына, ортақ жауға қарсы қазақтармен бірге қарақалпақтар мен қырғыздар да аянбай соғысты.
Сұрапыл шайқастың алғашқы кезеңіндегі қатыгез қырғындардағы жеңіліс қазақ халқының үнжырғасын түсірген жоқ. Олар жеңіске жетеміз деген рухы мен ерік-жігерін сақтай білді. Халықтың жаппай ерлік көрсетіп, қаһармандық танытуы, өздерін ар-намыс жолында құрбан етуге дейін баруы арқасында қатыгез жаудың ойранды әрекеттеріне төзе біліп, төтеп беріп қана қойған жоқ, жоңғар басқыншыларын тас-талқан етіп жеңіп шықты.
Айрықша атап айтуға тұрарлық оқиға - қазақ батырлары басқыншыларға қарсы кең- байтақ қазақ жерінің барлық аумағында бірдей шайқасты. Бұл соғыстың барысында қазақ халқы жүзге, тайпаға және ру-руға бөліну дегенді ұмытты. Жауға қарсы жұмылған жұдырықтай ауызбіршілік танытты. Қазақ халқының көрнекті жырауы Тәтқара үш жүздің өкілдері бір кісідей ұйымшылдықпен ерлік көрсеткенін былай деп суреттейді:

«Қамыстың басы майда, түбі сайда,


Жәнібек Шақшақұлы болат найза.
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,
Ер жігіттің ерлігі осындайда.

Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы,


Деріпсәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы.
Өзге батыр қайтса да, бір қайтнайтын ' , . .
Сары менен Баянды айт Уақтағы.

Ағашта биікті айтсаң, қарағайды айт,


Жігіттік, ерлікті айтсаң, Бөгенбайды айт,
Найзасының ұшына жау мінгізген
Еменәлі Керейде ер Жабайды айт».

Батырлардың ерен ерлігін біздің заманымызға дейін өз шығармалары арқылы жеткізген ақын-жыраулар Үмбетей, Ақтамберді, Тәтіқара, Қожаберген, Бұқар және басқалары болды. Олардың көпшілігі сұрапыл соғысты өз көздерімен көрген куәлар ғана емес, сонымен қатар ерлікпен шайқасқа түскен жалынды жаужүрек жауынгерлер де болды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет