Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


§37. Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлын



Pdf көрінісі
бет160/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

§37. Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлын
Жүйке жүйесінің бөлімдері. 
Жүйке жүйесі тәуелсіз екі критерий-
ге  байланысты  бөлінуі  мүмкін.  Оны  мүшелердің  орналасуы  немесе 
атқаратын  қызметі  бойынша  бөліктерге  бөлуге  болады.  Атқаратын 
қызметі  бойынша  жүйке  жүйесінің  бөлінуі  туралы  §43-параграф-
та  қарастырылады.  Орналасуы  бойынша  жүйке  жүйесінің  барлық 
мүшелері екі: орталық және шеткі жүйке жүйесіне бөлінеді.
Орталық  бөлім  немесе  орталық  жүйке  жүйесіне  басты  мүшелер: 
жұлын мен ми кіреді. Орталық жүйке жүйесін қысқартып, ОЖЖ деп 
атайды. Ағзаның жұмысын жүйке жүйесінің орталығы – жұлын мен 
ми  басқаратыны  атауынан-ақ  көрініп  тұр.  Желілі  жануар  неғұрлым 
жоғары құрылымды болса, оның жүйкелік реттелуінде ми соғұрлым 
үлкен  рөл  атқарады.  Керісінше  жануар  неғұрлым  қарапайым  болса, 
оларда жұлын соғұрлым көп қызмет атқарады.
Шеткі  жүйке  жүйесіне  (ШЖЖ)  жұлын  мен  мидан  тыс  қалған 
барлық жүйкелер мен жүйке түйіндері жатады. Яғни ШЖЖ ми мен 


149
жұлыннан  тарайтын  барлық  жүйкелер  мен  мүшелерде  (жүректе, 
асқазанда, бұлшық етте, тісте және т.б.) болатын барлық жүйке жасу-
шаларынан тұрады.
Жұлын. 
Жұлын омыртқаның жұлын-ми өзегінде орналасқан және 
бүкіл дене бойымен созылып жатыр. Омыртқаның сүйек ұлпасы  сауыт 
тәрізді жұлынды механикалық зақымданудан қорғайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет