§39. Ми бөлімдері Барлық омыртқалардың немесе бассүйекті жануарлардың миы бес
бөлімнен: алдыңғы, ортанғы, аралық, сопақша және мишықтан тұрады.
Алдыңғы ми дегеніміз – адамдағы үлкен ми сыңарлары. Ми бөлімдерін
қарастырайық.
Аралық ми үлкен ми сыңарларының астында орналасқан. Ол
ағзадағы маңызды үдерістерді басқарады. Дене температурасын, алма-
су қарқындылығын, қан қысымын, зәр шығару, ұйқы мен сергектік,
эмоция және сезінуді эмоциялық сипаттау, көңіл күйді реттейді.
Аралық мида жеке жүйке орталықтары орналасқан. Яғни белгілі бір
орында орналасқан бір нейрондар тобы белгілі бір үдерісті бақылайды.
Ғалымдар «шөлдеу», «ашығу», жүрек пен ішек қызметінің күшеюі мен
баяулауы, «ауыру», «агрессивтілік» және «қорқыныш», «рақаттану»
және «қанағаттанбау» т.б. орталықтарын анықтады.
Тәжірибе жүзінде ғалымдар әлсіз электр импульстері арқылы жүйке жасу-
шаларын белсенді еткен және орталықтарды электродпен тірілтті. Ашығу
орталығына әсер етіп, тоқ жануарды тоқтамай қоректенуге мәжбүр еткен.
Термореттелу орталығына стимул жасал ған қояндардың дене температурасы