154
орталығы орналасқаны анықталған. Көп адамдарда сөйлеу орталығы
сол жақ сыңарда орналасқан, ол оң жақ сыңарда болмайды.
Маңдай бөлімінің тағы бір маңызды қызметі – күрделі қимыл-
қозғалысты басқару. Ол оқу барысында қалыптасатын қимыл-қозға-
лысты – жазуды, музыкалық аспаптарда ойнау, спортшылардың қимыл-
қозғалысы, велосипед тебу, автомобиль жүргізу немесе басқа техниканы
басқару, клавиатурада басу сияқты басқа да қимыл-қозғалыс басқарады.
Төбе бөлігі
– тері-бұлшық ет сезімталдығына жауап береді. Осы
жерге тері рецепторларынан ақпарат келіп түседі. Біздің ағзамыздағы
ең сезімтал ағзалар – (қол саусақтары, тіл, ерін) бұл бөлімде, мысалы,
арқаға қарағанда көп орын алады.
Төбе бөлігінің сезімтал аймағы және маңдай бөлімінің қимыл аймағы
қатар орналасқан. Ғалымдар оларды біртұтас қызмет атқару жүйесіне:
«соматосенсорлық және қимыл-қозғалыс қыртысына» біріктіреді.
Шүйде бөлігі
– көру орталықтары орналасқан орын.
Самай бөлігі
– есту орталықтары.
Үлкен ми сыңарларының барлық бөлімдері өзара тығыз байланысты және
бірлесе қызмет атқарады. Яғни ми толыққанды жұмыс істеу үшін қыртыстың
әртүрлі бөлігіндегі жеке орталықтар ғана емес, қажет барлық құрылымдар
бірге жұмыс істеуі керек. Мысалы, ауызша сөйлеу орталығы маңдай бөлімінде
орналасқан. Ол естіген сөзді түсінуге жауап беретін самай бөліміндегі
орталықпен және оқуға – көрген әріптерден сөз құрастыруға, ал сөзден –
сөйлем құрастыруға жауап беретін шүйде бөлігіндегі көру орталығымен тығыз
байланысты. Жазбаша сөйлеу орталығы да маңдай бөлімінде орналасқан, ол
жазу кезінде қол бұлшық еттерін басқаруға жауап беретін қимыл-қозғалыс
орталығымен байланысты. Сөйлеу орталығының қалыптасуына оң қолмен
жаттығу – еңбек іс-әрекеті себеп болады.
Алдыңғы ми, үлкен ми сыңарлары, ми қыртысы, жүлгелер, жоғары
жүйке қызметі, маңдай, төбе, самай, шүйде бөліктері.
Достарыңызбен бөлісу: