Қозғалтқыш нейрон ОЖЖ-ден жұмысшы мүшеге жүйке импульсін
(команда) береді. Оны орталықтан тепкіш деп атайды, яғни орталықтан
миға барады. Рефлекс доғасының осы бөлігінің тағы бір атауы –
эфферентті деп атайды (лат. efferentis – шығарушы). Жүйке импульсі
эфферентті нейрон бойынша өткенде жауап реакциясы – бұлшық еттің
жиырылуы немесе басқаша жауап беруі мүмкін.
Өздерің біліп отырғандай, осы арқа мүйізі мен тамыршада қозғалтқыш ней-
рондар болады. Ол арқылы ақпарат мидан (алдымен мидан, кейін жұлыннан)
жұмыс мүшелеріне – бұлшық еттер мен бездерге түседі.
Алынған жүйке импульсіне жауап ретінде жұмыс мүшесі жұмыс
істейді – жауап реакциясын береді. Егер ол бұлшық ет болса, ол жиы-
рылады. Бұл ыстық затқа тигенде қолды тартып алу немесе тізені бүгу
(тізе рефлексі). Егер бұлшық еттің орнына жұмыс мүшесі ретінде бездер
болса, олар өз секреттерін бөледі. Бездердің жұмыс істеу рефлексіне
мысалдар: тамақтың иісінен сілекейдің бөлінуі, ыстық кезде тер бөлінуі.
Рефлекс доғасы, сезімтал нейрон, жұмысшы мүше.