Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


§40. Рефлекс және рефлекс доғасы



Pdf көрінісі
бет172/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

§40. Рефлекс және рефлекс доғасы
Рефлекс.
 
Рефлекс
  –  ОЖЖ  қатысында  ағзаның  тітіркендіргішке 
жауап реакциясы. Миы қалыптасқан жүйке жүйесіне ие жануарлардың 
мінез-құлық негізіне рефлекстер жатады. Рефлекстердің болуы ұлулар 
мен буынаяқтыларда анықталған. 
Рефлекстер ағзаға тірі қалуға мүмкіндік береді. Олар қандай да бір 
әсерге қозғалыс түрінде жауап реакциясына ғана қатысты емес.  Жы-
луды сақтауға бағытталған рефлекске мысал келтірейік. Күн суыған 
кезде жылықанды жануарларда бірқатар рефлекстік реакциялар жүзеге 
асырылады.
Тері  қоршаған  ортаға  аз  жылу  беру  үшін  ОЖЖ-дан  терідегі 
тамырлардың бұлшық ет талшықтарына команда келеді де, олар та-
рылады. 


159
Рефлекс доғасы
  –  рефлексті  жүзеге  асыру  үшін  жүйке  импульсі 
өтетін жол. Ол бес бөлімнен тұрады.
1) Рецептор.
2) Сезімтал (орталыққа тебетін, афферентті) нейрон.
3) ОЖЖ бөлімі.
4) Қозғалғыш (орталықтан тебетін, эфферентті) нейрон.
5) Жұмысшы мүше.
Рефлекс доғасының әрбір бөлімін толық қарастырамыз. Рецептор 
– қоршаған орта әсеріне импульс пайда болған нейрон немесе жүйке. 
Яғни қандай да бір әсерден – тітіркендіргіштен жүйке импульсі пайда 
болатын бірінші жүйке жасушасы. Дәм сезу рецепторы еріген химиялық 
заттарды сезеді. 
Егер қажет тітіркендіргішті қабылдайтын рецептор болмаса, онда ағза бұл 
тітіркендіргішті – қоршаған орта өзгерісін ешқашан сезбейді.
Сезімтал нейрон
 жүйке импульсін рецепторлардан миға береді. Ол 
ОЖЖ-ге ақпарат апарады, сол үшін оны орталықтан тебетін деп атай-
ды, себебі ол шынында да орталыққа ұмтылады. Рефлекс доғасының 
осы бөлімінің тағы бір атауы – (лат. аfferens, афферентті – әкелуші).
103-сурет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет