157
ортанғы ми жұмысы. Оларды қорғаныш рефлекстері немесе «Бұл не?»
рефлексі деп те атайды.
Артқы ми
үш бөлімнен: көпір, мишық және сопақша мидан
тұрады. Көпір жоғары және төмен жатқан бөлімдер арасында сигнал-
дарды өткізеді. Кейде оны Варолиев көпірі деп атайды. Оның қызметі
– жұлын, сопақша мидан мишыққа, алдыңғы және ортанғы миға және
керісінше сигнал қабылдау әрі тарату.
Мишықта
үлкен ми қыртысына қарағанда едәуір ұсақ иірімдері
болатын қыртысы бар. Ұшу күрделілігіне байланысты мишықтағы
қыртыс алғаш рет құстарда пайда болған. Егер ересек адамның мишығы
зақымдалса, қимыл біртіндеп қалпына келеді. Себебі, үлкен ми қыртысы
мишықпен бірге дәл қимылдауды басқарады. Оның жасушалары оны
қалай жүзеге асыруды біледі, тек мишықсыз басқаруды үйренуі ке-
рек. Ал сәбидің мишығы зақымдалса, дәл қимыл жасау ешқашан
қалыптаспайды.
Сопақша ми
жүлынның жалғасы сияқты. Онда сұр зат пен ақ зат
жұлындағы сияқты орналасады. Сопақша мида маңызды 3 орталық
орналасқан: тыныс алу, жүректің соғуы және асқорыту. Ол жүрек
ырғағын, тыныс алу мен тыныс шығарудың алмасуын (жөтелу, түшкіру
сияқты тыныс рефлекстері), асқорыту (жұту, сілекей бөлу, асқазанның,
ішектің жиырылуы рефлексі, сондай-ақ құсу рефлексі). Сопақша ми
зақымдалғанда адам бірден қайтыс болады, себебі тыныс алу мен
жүректің соғуы тоқтайды.
Алдыңғы, ортанғы, аралық, сопақша ми, мишық, гипофиз, гормондар,
адреналин, нейрогормондар, гипоталамо-гипофизді жүйе, бағдарлау
рефлекстері, âаролиеâ көпірі.
Достарыңызбен бөлісу: