125
Жалпақ құрттар
– бұл жануарларда дербес
шығару мүшелері: «жұлдыз тәрізді жасуша-
лар» алғаш пайда болады. Шеті жұлдыз сияқты,
құйғыға (воронкаға) ұқсайтын құрылымның
алдында қозғалатын кірпікшелердің шоғыры
болады. Кірпікшелер тербеліп, құйғы ішіне
жасушааралық сұйықтықтан зиянды заттарды
кіргізеді. Кірпікшелердің қозғалуын микроскоп-
пен қарағанда жалынның қозғалысына ұқсайды.
Мұндай жасушалар бүкіл дене бойымен екі
жағында орналасқан. Олардың барлығы сыртқа
шығару саңылауымен ашылатын екі ұзын бойлық
шығару өзектеріне ашылады (78-сурет).
Жұмыр құрттар.
Құрттардың бұл типі өкіл-
дерінің денесі жұмыр, себебі ішкі сұйықтыққа толы болады. Аскариданың
бөлу мүшесі – денесінің ортасында бір шығару тесігіне ашылатын бөлу
түтікшесі. Ол арқылы зиянды заттар сыртқа шығарылады. Сонымен
қатар осы типтің көптеген өкілдерінде «мойын бездері» деп аталатын
мүшесі бар. Бұл жинақтау бүйректері – зәр шығару мүшелері, оған
зиянды заттар жиналады, зиянсыздандырылады, бірақ ағза тіршілігін
жойғанша сақталады (79-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: