126
келесі тип және класс жануарлары үшін бірдей. Олардың жұмысын
толығырақ қарастырайық.
Метанефридиялар
– ұшы сыртқа ашылатын шығару түтікшесі бар
құйғы тәрізді болады. Шұбалшаңның әрбір буылтығында (сегмент)
ұшы көрші буылтықта (сегментте) ашылатын осындай 2 құйғы бола-
ды. Соңғы сегментте құйғы болмайды, себебі ол ашылатын жер жоқ.
Шұбалшаң денесіндегі қуыс сұйықтығы құйғыға түседі, оның пайдалы
құрамбөліктері: су, қоректік заттар шығару мүшесімен өткен кезде
ағзаға кері итеріледі. Онда қалған зиянды заттар қоршаған ортаға
шығарылады (80-сурет).
Шығару мүшелері эволюциясындағы келесі қадам –
бүйректер
.
Бүйректі микроскоп арқылы қараса, буылтық құрттардың шығару
түтікшелеріне – метанефридияларға ұқсас құрылымдардан тұратыны
анықталады. Бүйрек құралған
бұл құрамбөліктер
нефрон
деп
аталады. Бір бүйректе көптеген
нефрон (адамда 1 млн-нан артық)
бар. Сонымен қатар шығару
түтікшелерінің ұзын ұштары
одан сайын ұзара түскен. Адамда
ол 10–15 см болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: