§31. Жануарлардың зәр шығару жүйесінің эволюциясы Қарапайымдар немесе
біржасушалы жануарлар жиырылғыш
вакуоль арқылы бөліп шығаруды жүзеге асырады (77-сурет). Бұл –
өсімдік вакуоліне ұқсас жасуша цитопламасында болатын мембра-
на көпіршіктері. Оларға судың, тұздар мен басқа да зиянды еріген
заттардың артық мөлшері түседі.
Жиырылғыш вакуоль зиянды ерітіндіге толған соң, олар «жиыры-
лады». Яғни жиналған заттарды жасушадан сыртқа шығарады.
Жиырылғыш вакуоль алғашқы көпжасушалы жануарлар: губка-
лар, ішекқуыстылар (медуза, маржандар т.б.) бөліп шығарудың негізгі
мүшесі болып табылады.
77-сурет.