232
қымыз, ³р³мш³к, құрт, сыр, йогурт,
ашыған қырыққабат т.б. Бұл бактериялар
сүрлеме жасау кез³нде, жемшөп өнд³руде
де қолданылады (жаңа тұздалған шөп
дайындауда).
Бұл бактериялардың жағымсыз қасиет³:
сүтт³ ашытады және қышқыл сүт өн³мдер³
кей³н ашып кетед³.
6. Шарап және с³рке қышқыл бак-
терия лар шарап, маринадттар жасауда
қолданылады. С³рке қышқыл бактериялары
шарапты бұзады, оны ашытады да
с³ркесуына айландырады.
138-сурет
.
Бактериялардың көмег³мен
дайындалған сүт өнімдері
Бактериялардың жағымсыз қасиеттер³ де өте көп. Олар бұрынғы кезде
мыңдаған адамдарды өл³мге душар еткен қау³пт³ жұқпалы ауруларды
тудырды. Қаз³рг³ кезде де қау³пт³ аурулар тудыратын түрлер³ бар.
Фотосинтездеуш³ және азотобактериялар, ш³р³тк³ш және топырақ
бактериялары, сүтқышқыл бактериялар, шарап және с³ркеқышқыл
бактериялары.
Білу және түсіну:
1. Бактериялардың тіршілік ортасын атаңдар.
2. Бактерияларды неліктен Жердегі бүкіл тіршіліктің ежелгі «арғы тегі»
деп атайтынын түсіндіріңдер.
Қолдану:
1. Суретті қараңдар. Атауларын жазыңдар. Азотобактериялардың негізгі
қызметін тұжырымдаңдар.
2. Сүт бактериялары мен тамақ өнеркәсібі арасындағы өзара байланысты
анықтаңдар.
233
Талдау:
1. Суретті қараңдар. Алмада қандай өзгерістер жүретінін түсіндіріңдер.
2. Өзгерістер мен бактериялар арасында қандай байланыс бар екенін
талдаңдар.
1. Шіру бактерияларының пайдасын мысалмен дәлелдеңдер. Шіру бакте-
риялары болмаса, Жерде не болатынын болжаңдар.
Синтез:
1. Бактерияларды мынадай критерийлер:
а)
қоректену типі;
ә) зат алмасуы бойынша жүйелеңдер.
2. Бактериялар арқылы шешуге болатын адамзат проблемаларына кешенді
тәсіл жасаңдар. Қорытынды жасаңдар.
Бағалау:
«Бүкіл әлемдегі ұсақ ағзалардың рөлі» деген тақырыпта өз ойларыңды
жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: