Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина



Pdf көрінісі
бет109/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК
00011428-43e012cf, БИОЛОГИЯ 9 сынып 1 токсан, Мөж 2 Кеңесбай A білім беруді басқару, СӨЖ 1, педагогика Ақбота Кеңесбай семинар, stud.kz 10823
Ұлудың iшкi құрылысы
Өңеш
Өкпе
Жүрекше
Жүрек 
 
қарыншасы
Қантамырлары
Iшек
Бауыр
Тыныс 
саңылауы
Жүйке 
түйiндерi
Қарын
Зәршығару 
жүйесi
6-сызба


97
–  екі  қуысты  (екі  камералы). 
Ағзадан  қан  келетін  жүректің 
кішкентай  бөлігі 
жүрекше
  деп 
аталады. Ол қанды үлкен қуысқа 
– 
қарыншаға
  айдайды.  Ал  ол 
қанды ұлу денесі бойымен айдай-
ды.  Қарапайым  ұлу  жүрегі  бір 
жүрекше  мен  бір  қарыншадан 
тұрады.  Сегізаяқ  сияқты  едәуір 
жоғары  құрылымды  ұлуларда 
жүрегі үш қуысты: екі жүрекше 
(сол және оң) және бір қарыншадан тұрады. 
Буынаяқтылардың  қанайналым  жүйесі. 
Буынаяқтылар  типіне 
үш  класс:  шаянтәрізділер,  өрмекшітәрізділер  және  бунақденелілер 
(жәндіктер)  класы  жатады.  Ұлулардағы  сияқты 
барлық  буынаяқ тылардың  қан  тамырлары 
жүйесі – ашық. Буын аяқтылардың жүрегі қуыс-
тарға  бөлінген,  бұл  қуыстар  бірдей,  құрылысы 
және  атқаратын  қызметі  бойынша  бір-бірінен 
айырмашылығы жоқ. Сондықтан оларды жүрекше 
және қарынша деп атамайды.  
Шаянның жүрегі – баскөкірегінде орналасқан 
бесбұрышты (бесқуысты) қапшық тәрізді (65-сурет). 
Өрмекші жүрегі құрсағында орналасқан көпқуысты 
түтікше сияқты. Жәндіктердің жүрегі де түтікше 
тәрізді. Жәндіктерде қан оттек пен көмірқышқыл 
газын мүлде тасымалдамайды, тек қоректік және 
зиянды  заттар  тасиды.  Олардың  тыныс  жүйесі 
жақсы  дамыған,  оттекті  тікелей  әрбір  жасушаға 
жеткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет