Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина



Pdf көрінісі
бет154/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК
00011428-43e012cf, БИОЛОГИЯ 9 сынып 1 токсан, Мөж 2 Кеңесбай A білім беруді басқару, СӨЖ 1, педагогика Ақбота Кеңесбай семинар, stud.kz 10823
Тест сұрақтары
1. Өсімдіктегі қозғалыс реакциясы
а) Гликолиз
ә) Мутация
б) Таксис
в) Трансляция
г) Модификация


140
2. Тропизм дегеніміз
а) Өсімдіктегі қозғалу типі
ә) Зат алмасу сатысы
б) Жасуша органоидтарының бірі
в) Тамыр аймағы
г) Жеке даму
3. Жарықсүйгіш өсімдік
а) Қант қамысы
ә) Саумалдық
б) Інжугүл
в) Қырлышөп
г) Қазтабан
4. Көлеңкеге төзімді өсімдік
а) Саумалдық
ә) Қарағай
б) Түймедақ
в) Қант қамысы
г) Эвкалипт
5.  Тірі  ағзалардың  жарық  күн  ұзақтығына  байланысты  өзінің  физио-
логиялық үдерістерін өзгерту қабілеті 
а) Гликолиз
ә) Фотопериодизм
б) Анаболизм
в) Катаболизм
г) Хемосинтез
6. Тірі жүйелердегі мерзімімен қайталанып отыратын циклдік үдерістер
а) Биоырғақ
ә) Таксис
б) Тропизм
в) Анаболизм
г) Катаболизм
7. Амебаның қозғалу мүшесі 
а) Жалған аяқтар
ә) Кірпікшелер


141
б) Талшықтар
в) Желбезектер
г) Жүзбеқанаттар
8. Талшықтарымен қозғалады 
а) Кәдімгі амеба
ә) Кірпікшелі кебісше
б) Каракатица
в) Саламандра
г) Эвглена
9. Балықтардың қозғалу мүшесі 
а) Жүзбеқанаттар
ә) Кірпікшелер
б) Талшықтар
в) Жалған аяқтар
г) Шапанша қуысы
10. Реактивті қозғалады 
а) Сегізаяқ
ә) Амеба
б) Гидра
в) Ақ сұлама
г) Тоспаұлу


142
11-бөлім.
 ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ
§35. Жүйке жүйесінің типтері
Жүйкені реттеу және жүйке жүйесі.
 Үйлесімді біртұтас қызметті 
жүзеге асыру үшін жануарлар ағзасында 
жүйке жүйесі
 пайда болды.
Жүйке  жүйесінің  типтері.
  Алғаш  пайда  болған  көпжасушалы 
ағзаларда (губкаларда) жүйке жүйесі қалыптаспайды. Мысалы, губка-
ларда жүйке жүйесі жоқ. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, губка 
денесінің  тереңінде  орналасқан  жұлдызшатәрізді  жасушалар  жүйке 
элементінің қызметін атқара алады. Басқа зерттеушілердің пікірі бой-
ынша,  ол  жасушалар  тірек  қызметін  атқарады.  Біз  жануарлардағы 
жүйке жүйесі эволюциясының негізгі кезеңдерін сипаттаймыз.
Диффузиялық  жүйке  жүйесі
  ең  қарапайым  түрі  болып  табы-
лады.  Жүйке  жасушалары  бүкіл  денеде  орналасқан  және  жүйке 
түйіндері  түрінде  шоғыр  түзбейді.  Жасушалар  бүкіл  денеге  ретсіз 
орналасқандықтан жүйке жүйесін дифференциялы немесе 
торлы 
деп 
атайды.  Мұндай  жүйке  жүйесі  ішекқуыстыларға  тән.  Бұл  жүйенің 
кемшілігі – гидра ағзасының жауап беру реакциясы алуан түрлі емес. 
Яғни итеруге де, тесуге де бірдей жауап болуы мүмкін (90-сурет).
Қозғалғыш  ішекқуыстыларда  (медуза)  дифференция лы  жүйке  жүйесі 
күрделенеді. Жүйке жүйесі денеге терең енеді де, шоғыр – жүйке түйіндерін 
түзеді. 
Әрі  қарай  жалпақ  құрттарда  жүйке  жүйесі  күрделене  береді.  Бұл  үдеріс 
жануарлардың белсенділігіне, қозғалғыштығына тікелей байланысты. Жалпы 
жалпақ құрттар типіне диффузиялық түйінді жүйке жүйесі тән (92-сурет).
 
Сатылы (лестничная) жүйке жүйесі
 едәуір жетілген. Ол буылтық 
құрттар типі өкілдерінде ең алғаш пайда болды.
Шұбалшаңның жүйке  жүйесі  жұтқыншақмаңы  жүйке  буылтығы 
мен құрсақ жүйке тізбегінен тұрады (93-сурет).
Түйінді  жүйке  жүйесі 
де  жұтқыншақүсті  және  жұтқыншақасты 
жүйке түйіндері мен құрсақ жүйке тізбектерінен тұрады. Бірақ түйіндер 
жақсы дамыған, олардың шашырап орналасуы жануар лардың нақты 
класының  құрылысы  мен  тіршілігіне  байланысты.  Мұндай  жүйке 
жүйесі ұлулар мен буынаяқтылар типіне тән.
Ұлуларда бас жүйке түйіндері мен аяқ бұл шық еттерін бақылайтын түйін 
жақсы дамы ған. Устрица мен басқа да қосжақтаулы ұлуларда бас түйіндері 
мүлде дамымаған, себебі олардың басы жоқ. Қорегін белсенді аулауға бай-


143
ланысты  сегізаяқта  (басаяқты  ұлу)  көру  мүшесі  өте  жақсы  дамыған,  ал  
жұтқыншақүсті  түйіні  жақсы  дамыған  миына  айналған.  Басаяқты  ұлулар 
– үйретуге болатын омыртқасыздардың бірден-бір өкілдері. Ірі аквариумда, 
океанариумда және басқа органикалық суқоймаларда зерттеу үшін көптеген 
ғалымдар сегізаяқ интеллектісінің жетістігін зерттеген. Сегізаяқтың белгілі 
бір адамға үйреніп қалатыны анықталған. Олар зияткерлік есептерді иттер 
сияқты  жақсы  шығарады,  ал  үйрену  дағдысы  дельфиндердегі  сияқты  тез 
қалыптасады.  Сегізаяқтың  омыртқалы  жануарларға  жататын  балықтарға 
қарағанда зияткерлігі жоғары.
Барлық  буынаяқтылардың  жүйке  жүйесінің  құрылысы  осындай. 
Бірақ  жұтқыншақүсті  жүйке  түйіні  миға  айналған.  Ол  өрмекші-
тәрізділерде нашар дамыған. Ал жәндіктерде үш бөлімнен тұратын ми 
түзіледі. 
Түтікшетәрізді  жүйке  жүйесі
  дененің  арқа  жағында  орналасқан 
жүйке  түтігінен  тұрады.  Ол  барлық  желілі  (хордалы)  жануарларға 
91-сурет.
 
Ақ сұлама: 
3 – жүйке 
жүйесi.
«Жүрекше»
Жұтқыншақмаңы жүйке 
түйiндерi сақинасы
Құрсақ жүйке 
түйiндерi тiзбегi
93-сурет. 
Шұбалшаңның жүйке жүйелерi
92-сурет. 
Таспа 
құрттардың жүйке жүйесі
90-сурет. 
Гидраның 
тітіркенуі және торлы 
жүйке жүйесі


144
тән. Осы типтің ең қарапайым өкілі – 
(ланцетник)  жүйке  түтігінен  тұрады. 
Басқа барлық желілілерде (омыртқалы 
жануарларда) жүйке түтігінің алдыңғы 
бөлігінде  миы  қалыптасқан.  Жүйке 
түтігінің  қалған  бөлігі  жұлыннан 
тұрады. Ми мен жұлыннан мүшелерді 
бақылайтын  және  дененің  әртүрлі 
бөлігінде  өрім  (сплетение)  түзетін 
жүйкелер тарайды.
Барлық омыртқалылардың миы 5 
бөлімнен: алдыңғы, ортанғы, аралық, 
сопақша  мидан  және  мишық тан 
тұрады (94-сурет).
95-сурет. 
Жүйке жүйесi: 
1 – ми; 2 – жұ лын;  3, 
4 – жүйк елер.
3
2
1
94-сурет. 
Омыртқалылардың миы.
Балықтың миы
Бақаның миы
Жорғалаушының миы
Сүтқоректiнiң миы
Алдыңғы 
ми
Ортанғы 
ми
Сопақ-
ша ми Мишық
Аралық ми
Құстың миы
Алдыңғы ми
Мишық


145
Жүйкен³ң реттелу³, диффузиялы жүйке жүйес³, жүйке түй³ндер³, 
сатылы жүйке жүйес³, жұтқыншақүст³ түй³н³, ми,  жүйке т³збег³, 
түт³кшетәр³зд³ жүйке жүйес³.
Білу және түсіну:
1.  Жүйке жүйесінің типтерін атап, оларға сипаттама беріңдер. 
2.  Жүйкелік реттеуді сипаттаңдар. Ол неге жануарларда пайда болды, ал 
өсімдіктер мен саңырауқұлақтарда жоқ?  
Қолдану:
1.  Берілген жүйке жүйелерін (диффузиялық, сатылы, түтіктәрізді) күрде-
ленуі  бойынша  орналастырыңдар.  Неге  осындай  ретпен  орналастыр-
ғандарыңды түсіндіріңдер.
2.  Жүйке жүйесінің ұсынылған сипаттамалары (жүйке түтікшесі, жұтқын-
шақүсті жүйке түйіні, жұтқыншақасты жүйке түйіні, ми, жұлын, құрсақ 
жүйке тізбегі, жүйке жүйесі жоқ, торлы жүйке жүйесі) бар жануарларды 
салыстырыңдар.  
Талдау:
1.  Қалай ойлайсыңдар, неліктен омыртқалы жануарларға жататын балыққа 
қарағанда сегізаяқ интеллектуалдық тұрғыда едәуір дамыған? 
2.  Жүйке жүйесінің типтерін, жануарлар санатын, тіршілік ортасын және 
тіршілік етуін көрсетіп, кесте немесе сызба құрастырыңдар.
Синтез: 
1.  Жануарлардың жүйке жүйесін олардың күрделенуі бойынша орналас-
тырыңдар. Осылай орналастыру реті   эволюциялық ретті көрсетеді ме? 
Дәлелдеңдер. Айырмашылықтарын тауып, салыстырыңдар.  
2.  Ағза үшін жүйке жүйесінің маңызын сипаттаңдар. Көпжасушалы қозғал-
ғыш жануарлар  жүйке жүйесі болмаса тіршілік етер ме еді? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет