АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА!
Қазақтың бас ақыны – Абай (шын аты Ибраһим)
Құнанбайұлы. Одан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ даласын-
да біз білетін ақын болған жоқ.
Аõмет байтұрсынұлы
Абай – өз заманынан озық туған дара ақын. Абай тұсындағы
әрбір сөз зергері, би-шешені, ақыны мен әншісі Абай бойына
ақындықтың, шешендіктің дәнін егіп кетті. Абай солардан үлгі
алды, үйренді, көбімен сөз жарыстырып жүріп жетілді.
мұõтар әуезов
– Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы артына мол мұра қал-
дырды. Абай атамыздың әрбір сөзі, өлеңі үлгі-өнегеге, ақыл-насихатқа
толы, ал қарасөздері – есті адамның шамшырағы.
«Абай жолы» романы – Абай Құнанбайұлының өмір сүрген кезеңі
мен қазақ халқының салт-дәстүрін толық қамтыған тарихи шығарма.
Авторы – заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов.
– Абай атамыздың әр сөзін оқи отырып, тамсанамыз, таңырқаймыз.
Ақын дәл осы кезді жырлап отырған, жазып отырған секілді болып
көрінеді. Çаман шындығы, қоғам көрінісі, алауыздық пен татулық,
өнер мен білімге құштарлық, адамзат баласына жол көрсете білу және
т.б. көптеген мәселе – Абай Құнанбайұлы шығармаларының негізгі
тақырыбы.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
36
АбАÉ құнАнбАÉұЛы
(1845–1904)
Абай Құнанбайұлы 1845 жылы бұрынғы Се-
мей уезі Шыңғыс болысында (қазіргі Шығыс
Қазақстан облысы Абай ауданында) дүниеге
келген. Азан шақырып қойған есімі – Ибраһим.
Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округіне
аға сұлтан болған. Абайдың өз әкесі – Құнанбай,
атасы – Өскенбай, арғы атасы – Ûрғызбай. Әкесі
Құнанбай Өскенбайұлы – шешен, ел ағасы.
Абайдың әжесі Çере аса ақылды, әңгімешіл, балаға мейірімді,
ағайынға қамқор, кісі ренжіт пейтін жұмсақ мінезді, ортасына сый-
лы жан еді.
Анасы Ұлжан өте сабырлы, кең мінезді, сөзге ұста, тапқыр адам
болған.
Абай әуелде Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат
таниды. Абайды он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның
медресесіне оқуға береді.
Ол бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары Íизами, Сағди,
Íауаи, Ôизули, Ôирдоуси шығармаларын оқиды.
Абай медреседе небәрі үш жыл жүріп, кейін өз бетімен «при-
ходская школаға» түсіп, үш айдай орысша да білім алады.
Бірақ бұл оқу ұзаққа бармайды. Жасы
он үшке келіп, ерте есейіп, ақыл-ойы тола
бастаған шақта өткір, зейінді Абайды
әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып
тәрбиелемек болып, оны оқудан елге алып
кетеді. Құнанбай қажының басқаруымен
Абай ел ішіндегі түрлі істерді шешуге арала-
сады.
Көптеген ескі әңгімелерді, өлең-жырларды
халық ішінен үйренеді. Өз бетімен араб, иран,
шағатай тілінде жа зылған ертегі, дастан,
қисса сияқты т.б. әдеби мұралармен таныса-
ды.
Жас Абай
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
|