Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68


Оңалту рəсімдері жəне конкурстық өндіріс



бет95/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

13.2. Оңалту рəсімдері жəне конкурстық өндіріс

Борышқордың өтініші, кредиторлар комитеті мен құзіретті органдардың келісімі болса, коммерциялық ұйымдарға қатысты оңалту рəсімдері сот тəртібіне сəйкес қолданылады. Өтініште аталмыш рəсімдерін жүргізудің мақсатқа лайықтылығы негіздері, кредиторлар комитетінің құрамы бойынша ұсыныстар қамтылуы тиіс. Өтінішке:


193


13–7516


  • соңғы екі жылдағы қаржылық есептілік;




  • дəрменсіз борышқорды қабілетті ету жоспары сияқты құжаттар қоса тіркеледі.

Оңалтужоспарыборышқордыңтөлемқабілеттілігінқалпынакелтіру жөніндегі нақты шараларды қамтуы тиіс. Оңалту рəсімдерін жүзеге асыру кезінде барлық заңды тұлға органдарының өкілеттігі берілетін оңалту басқарушысы тағайындалады. Ол борышқорды қабілетті ету мақсатынақолжеткізугебағытталғанкезкелгенəрекеттіжүзегеасыруға құқылы. Оңалту рəсімдері туралы соттың шешімі қабылданғаннан кейін үш күн ішінде ол уəкілетті орган болып тағайындалады. Оңалту рəсімдерін жүзеге асырудың ұзақтығы 2 жылдан аспауы тиіс, креди-торлар комитетінің келісімімен жəне оңалту басқарушысының өтініші бойынша жасалған уəкілетті органның қорытындысымен 6 ай мерзімге ұзартылуы мүмкін.


Оңалту басқарушысының өкілеттілігіне:


1) борышқор мүлкін басқармаға қабылдау жəне оны иелену;
2) оңалту жоспарының орындалуын ұйымдастыру жатады. Оңалту басқарушысы кредиторлар комитетімен келісе отырып,

мына жағдайда оңалту шараларының аяқталғаны туралы сотқа хабар-лайды:


а) егер оңалту рəсімдерінің мақсатына қол жеткізілсе;


ə) егер ол бұл мақсатқа қол жеткізудің мүмкін еместігіне көзі жет-
се.
Бірінші жағдайға сəйкес, рəсімдері мақсатына қол жеткізілгендігіне байланысты сотоңалту рəсімдерінтоқтату туралыанықтама шығарады, екіншіжағдайдаконкурстықөндірістіашутуралышешімқабылданады, себебі оңалту рəсімдерінің мақсатына қол жеткізу мүмкін емес.


Санация (қалпына келтіру, сауықтыру)
Егер борышқорды оңалту жоспары санацияны қамтитын болса, жоспарға борышқордың немесе кредитордың ақшалай қаражаттың көрсетілген мөлшерін мерзімінде аударуы туралы санацияға қатысушының жазбаша міндеттемесі қоса тіркелуі тиіс. Санацияға қатысушы өзіне барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру міндетін ала алады. Олар кредиторлар алдындағы жауапкершілікті өзара бөлісу мəселесі қарастырылатын келісім жасасуы тиіс. Соны-мен бірге оларға мұндай жауапкершілік бірдей жүктеледі. Санацияның мақсатына қол жеткізілгендігіне байланысты банкроттық туралы іс бойынша өндірісті тоқтатқан кезде, өздеріне жауапкершілік алған санацияға қатысушылар санация басталғанға дейін шаруашылық серіктестіктің қатысушысы құқығын алады. Көрсетілген шешім сотқа оңалту жоспарымен бірге тапсырылуы тиіс. Оңалту жоспарында бұл талаптарды заңға сəйкес өткізілетін ашық саудаларда сату арқылы борышқор талабына жеңілдік құқығы қарастырылған.

Конкурстық өндіріс кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру



194


жəнебанкроттыборыштарданбосатумақсатындаөткізіледі.Конкурстық өндірістің мерзімі сот шешімімен анықталады жəне 6 айдан аспауы тиіс. Конкурстық басқарушының өтініші бойынша, бұл мерзім үш айдан аспайтын уақытқа ұзартылуы мүмкін (борышқор банкрот деп танылған жəне таратылған кезден бастап). Борышқор банкрот деп танылған жəне жойылған кезден бастап келесі салдар орын алады:

а) банкротқа мүлікті иеліктен айыруға жəне уақытша табыстауға тыйым салынады;


ə) банкроттың барлық борышқорлық міндеттемелерінің мерзімдері өтіп кеткен деп саналады;


б) берешек түрлері бойынша пайыздар мен өсімдерді есептеу тоқтатылады;


в) банкроттың қатысуымен болатын сотта қаралып жатқан мүліктік сипаттағы даулар қысқарады;


г) банкроттыққа мүліктік талаптар тек конкурстық өндіріс аясында ғана қойылуы мүмкін.


Ұзақ мерзімді кезеңде қаржы тұрақтылығын қолдау үшін үкімет қабылдаған шаралар аясында 2010 жылдан бастап:





  1. резервтік капиталдың ең төмен мөлшеріне қойылатын талаптар артты;




  1. меншікті капиталдың ең төмен мөлшері ұлғайды;

  2. 2011 жылдан бастап банктердің жарғылық капиталының ең төмен мөлшері ұлғайды.

Бұл шаралар банктердің активтерін жақсарту, олардың капитал-дандырылуы мен өтімділігін арттыру арқылы қаржы тəуекелдерін төмендетуі тиіс. Тəуекелдерді төмендетуге жəне банктерді қолдауға арналған қосымша құрал ретінде Қазақстан мемлекет басшысының тапсырмасымен Тұрақтандыру (стресті) активтерінің қоры құрылды.


Банкрот конкурстық басқарушының Ай сайынғы төлемдер 50 АЕК-дан жəне оған қосымша өткізілетін конкурстық салмақтың 7%-ынан аспауы тиіс.


Конкурстық басқарушы:


● мерзім бойынша он күннің ішінде кредиторлар комитетінің құрамын қалыптастырады;

● кредиторлар комитетінің барлық мүшелеріне комитеттің бірінші отырысы өтетін күнді хабарлайды;


● борышқор мүлкін бақылап қорғайды;


● борышқордың алдында берешегі бар тұлғаларға оларды өндіріп алу туралы талаптарды қояды;

● бір кредиторлардың мүдделерін қорғайтын жəне біреулеріне зиян келтіретін заңды бұза отырып, борышқормен жасалған мəмілелерді анықтайды;


● қызметкерлерге алдағы уақытта жұмыстан босатылуы туралы ха-барлайды;



195


  • банкрот мүлкін сату жоспарын кредиторлар комитетіне бекітуге береді;

  • кредиторлармен есеп айырысуды жүргізеді.

Конкурстық салмақтың құрамына кіретіндер:



  1. борышқор мүлкі, оның ішінде: оның қаржы құжаттарында көрсетілмеген дебиторлық берешек;




  1. жерді пайдалану құқығы.

Конкурстық салмақты бөлудің кезектілігі төмендегідей:

– əкімшілік жəне сот шығындары кезектен тыс, борышқор мүлкінің есебінен өтеледі;


– бірінші кезекте азаматтардың талаптары қанағаттандырылады, олардың алдында адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін банкрот жауапкершілікте болады;


– екінші кезекте еңбекақы жəне өтемақы төлеу бойынша есеп айы-рысу жүргізіледі;


– үшінші кезекте банкрот мүлкін кепілдікке салумен қамтама-сыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлар талаптары қанағаттандырылады;


– төртінші кезекте, салық жəне басқа да міндеттемелер бойынша берешектер өтеледі;


– бесінші кезекте, басқа кредиторлармен есеп айырысу жүргізі-леді.


Талаптар қанағаттандырылғаннан кейін қалған қаражатты конкурстықбасқарушыборышқормүлкінменшіктенушігенемесеоның құрылтайшысына береді. Кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін банкрот міндеттемелерді немесе басқа да талаптарды орындау-дан босатылады.


Осыдан кейін конкурстық басқарушы кредиторлардың барлық та-лаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікті пайдалану ту-ралы есеп пен өтімді баланстың қосымшасы тіркелген уəкілетті ор-ганмен келісілген өзінің қызметі туралы есепті сотқа тапсырады. Сот конкурстықбасқарушыныңесебін,өтімдібаланстыбекітіп,конкурстық өндірістің аяқталғаны туралы анықтама шығарады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет