Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68


Қаржылық стратегиясы, қаржылық стратегиясының қағидаттары мен міндеттері



бет92/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

12.4. Қаржылық стратегиясы, қаржылық стратегиясының қағидаттары мен міндеттері

Қаржы стратегиясын əзірлеген кезде макроэкономикалық үдерістердің қарқынын, отандық қаржы нарығының даму үрдісін, кəсіпорын қызметін əртараптандыру мүмкіндіктерін ескеру қажет.




Қаржы стратегиясы – бұл кəсіпорынның қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қаржыны қалыптастыруды жəне оны жоспарлау-ды қамтитын кəсіпорын əрекетінің бас жоспары. Бұл жоспар мыналар-ды қамтиды:

  • қаржы жағдайын жоспарлау, есептеу, талдау жəне бақылау;

  • негізгі жəне айналым қаражатын оңтайландыру; пайданы бөлу. Негізгімақсатыкəсіпорынныңтолықөзін-өзіөтеуіментəуелсіздігіне

қол жеткізу болып табылатын қаржы стратегиясы ұйымның белгілі бір қағидаттарына негізделеді жəне келесілерді қамтиды:



  • кəсіпорынның ақшалай қаражатын;




  • қаржы ресурстарын орталықтандыру;




  • қаржы резервтерін қалыптастыру;




  • серіктестер алдында қаржы міндеттемелерін сөзсіз орындау;




  • кəсіпорынның амортизациялық жəне есеп-қаржы саясатын əзірлеу;




  • кəсіпорынның қаржы есебін жəне əрекет ететін стандарттар негізінде қызмет сараланымын ұйымдастыру жəне енгізу;




  • стандарт талаптарын сақтай отырып əрекет ететін нормалар мен ережелерге сəйкес кəсіпорын жəне қызмет сараланымы бойынша қаржылық есептілікті жасау;

188


  • кəсіпорын қызметінің жəне оның сараланымдарының (басым шаруашылық жəне географиялық сараланымдардың, бөлінбеген баптардың құрамындағы басқа да сараланымдардың) қаржы талдауы;

  • кəсіпорын қызметін жəне оның барлық сараланымдарын қаржының бақылауы.

Кəсіпорынның қаржы қызметінің барлық нысандарын, əсіресе:


негізгі жəне айналым қаражаттарын оңтайландыруды, пайда-ны қалыптастыру мен бөлуді, ақшамен есеп айырысуды жəне инвестициялық саясатты қамтитын қаржы стратегиясы нарықтық қатынастардың объективті экономикалық заңдылықтарды зерттеп, жаңа жағдайда өмір сүру мен дамудың əдістерін əзірлейді.


Қаржы стратегиясы кəсіпорынның қаржы тұрақтылығын қам-тамасыз етудің, қаржы ресурстарын қалыптастыру мен оларды жоспарлаудың əдістері мен тəжірибесін қамтиды. Кəсіпорынның барлық қаржы мүмкіндіктерін жан-жақты ескеріп, ішкі жəне сыртқы факторлардың сипатын объективті бағалай отырып, қаржы страте-гиясы кəсіпорынның қаржы-экономикалық мүмкіндіктерінің рынок-та қалыптасқан жағдайларға сəйкестігін қамтамасыз етеді. Қаржы стратегиясы қаржы қызметінің ұзақ мерзімді мақсаттарын анықтауды жəне оларға қол жеткізудің ең тиімді əдістерін таңдауды қарастырады. Қаржы стратегиясының мақсаттары экономикалық дамудың жалпы стратегияларына бағынып, кəсіпорынның нарықтық құны мен пайда-сын көтеруге бағытталуы тиіс.


Қаржы стратегиясының негізінде қаржы қызметінің:

  • салық саясаты;

  • баға саясаты;

  • амортизациялық саясат;

  • дивидендтік саясат;

  • инвестициялық саясат сияқты негізгі бағыттары бойынша кəсіпорынның қаржы саясаты анықталады.

Қаржы стратегиясын əзірлеу барысында бəсекеге қабілетті өнім өндіруге, ішкі ресурстарды жұмылдыруға, өнімнің өзіндік құнын ең жоғары деңгейге түсіруге, пайданы қалыптастыру мен бөлуге, капи-талды тиімді пайдалануға жəне т.б. баса назар аударылады.


Қаржы стратегиясын қалыптастыруда тəуекелдік факторларын ескерудің маңызы зор. Қаржы стратегиясы төленбеген төлемдер, инфляциялық ауытқулар мен қаржы рыногының жағдайы ескеріле отырып əзірленеді.




Кəсіпорынның қаржы стратегиясы:
1) қаржы ресурстарын қалыптастыруды жəне тиімді пайдалануды;
2) инвестициялаудың ең тиімді бағыттарын анықтауды жəне қаржы ресурстарын осы бағыттарға шоғырландыруды;

3) қаржы əрекеттерінің кəсіпорынның материалдық мүмкіндіктері мен экономикалық жағдайына сəйкес келуін;



189


  1. бəсекелестер тарапынан болатын негізгі қауіпті анықтауды, бəсекелестерден басым түсу үшін реттеуді жəне қаржы əрекеттерінің бағыттарын дұрыс таңдауды;

  2. стратегиялық резервтерді құру жəне дайындауды;

  3. саралау жəне кезең-кезең бойынша мақсаттарға жетуді қам-тамасыз етеді.

Қаржы стратегиясының міндеттері:



  1. қаржы мүмкіндіктерін ойдағыдай пайдалану əдістерін анықтау;

  2. кəсіпорынның үшінші тараппен жасалатын келешекке арналған өзара қаржы қатынасын анықтау;




  1. операциялық жəне инвестициялық қызметтерді қаржымен қамтамасыз ету;




  1. ықтимал бəсекелестердің экономикалық жəне қаржы мүмкін-діктерін зерделеу, қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар əзірлеу жəне жүзеге асыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет