Өнімнің рентабельділігі өнімді өткізу нəтижесінің (тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер) өндіріске жұмсалған шығындарға қатынасы ретінде анықталады жəне өнімді өндіру мен өткізудің бірлігіне қанша түсім келетінін көрсетеді.
Өнімнің рентабельділігі = Түсім : Шығындар.
Сатудың рентабельділігі(margin on sales, ROS) өнімді өткізу нəтижесінің (таза пайда) өнімді өткізуден түскен түсімге қатынасы ретінде анықталады жəне өткізілген өнімнің (тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер) бірлігіне қанша пайда келетінін көрсетеді. Бұл коэффициенттің өсуі өткізілген өнімді (тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер) шығаруға кететін тұрақты шығындарда бағаның өсу не-месе тұрақты баға жағдайында өндіріске жұмсалатын шығындардың азаю салдары болып табылады. Ал коэффициенттің азаюы өндіріске жұмсалатын тұрақты шығындарда бағаның түсуін немесе тұрақты баға жағдайында өндіріске жұмсалатын шығындардың өскенін, яғни кəсіпорын өнімдеріне сұраныстың азайғанын айғақтайды
Сатудың рентабельділігі = Таза пайда : Түсім.