Берешекті жабу коэффиценті. Бұл көрсеткіш ұйымның меншікті капиталының оның қаржы міндеттемелеріне қатынасы ретінде есептеледі. Егер коэффициенттің мəні 4-тен көп болса, онда атал-мыш ұйым қаржы жағынан орнықты. Егер коэффициент 2-ге тең бол-са, ұйымның қаржы орнықтылығы дағдарысты жағдайда жəне оған банкротқа ұшырау қаупі туып тұр.
184
Берешекті жабу коэффиценті = МК : ҚА.
Қаржы орнықсыздығы коэффициенті.Бұл коэффици-ент ұйымның қаржы орнықтылығына жалпы баға береді. Қаржы міндеттемелерінің ұйымның меншікті капиталына қатынасы ретінде анықталады, берешекті жабу коэффициентіне кері жəне 0,25-тен арт-пауы тиіс. Егер бұл коэффициенттің мəні 1-ден жоғары болса, онда ол қаржы орнықтылығының жоғалғандығы жəне оның сыни межеге жеткендігін айғақтайды.
Қаржы орнықсыздығы коэффициенті = ҚА : МК.