Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68


Жұмыс істейтін капиталды оңтайландыру коэффициенті



бет81/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

Жұмыс істейтін капиталды оңтайландыру коэффициенті ақшалай қаражат нысанындағы меншікті айналым қаражатының бір бөлігін, яғни абсолютті өтімділігі бар қаржыны сипаттайды. Ұйымның қалыпты жұмыс істеуі үшін бұл көрсеткіш 0-ден 1-ге дейін өзгереді.
Оңтайландыру коэффициенті = АҚ: ҚМ


Абсолютті өтімділік коэффициенті. Ұйым өтімділігінің ең қатал критерийі: қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерінің қай бөлігі қажет болған жағдайда тез арада өтелуі мүмкін екендігін көрсетеді. Ол ақшалай қаражаттың, жеңіл өтетін бағалы қағаздардың қысқа мерзімді пассивтерге қатынасы ретінде анықталады. Теориялық жағынан бұл көрсеткіш, егер оның шамасы 0,2-0,25-тен көп болса, жеткілікті деп саналады.

Абсолютті өтімділік коэффициенті = АҚ + ҚҚЖ : ҚМ. Ағымдағы өтімділік коэффициенті. Аталмыш коэффициент


ұйымның қысқа мерзімді міндеттемелермен ақшалай қаражатпен, қысқа мерзімді жұмсалымдармен жəне қаражатпен есеп айырысу



182


мүмкіндігін анықтайды. Егер аралық өтімділік коэффициенті 0,5-тен көп болса, ұйым өтімді деп саналады.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті = АҚ + ҚҚЖ +ДБ : ҚМ. Жалпы өтімділік коэффициенті айналым активтерінің қысқа


мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде анықталады. Атал-мыш коэффициент қысқа мерзімді кредиторлық міндеттемелер қандай деңгейде материалдық айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілетінін көрсетеді. Бұл шама қаншалықты көп болса, қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеудегі сенімділік те соншалықты мол болады. Айналым активтерінің қысқа мерзімді міндеттемелерден артуы ай-налым активтерін (ақшалай қаражаттан басқа) сатқан немесе жойған кезде шығындардың туындауына кедергі келтіреді. Жалпы өтімділік коэффициенті айналым активтерінің кез келген ықтимал құнсыздануын жабу үшін қауіпсіздік өрісін өлшейді, тəуекелдіктің кез келген түріне жəне белгісіздігіне қарсы қауіпсіздік кепілі ретінде пайдалануға бо-латын əрі қысқа мерзімді міндеттемелерден асып түсетін өтімді қаражаттың резервін көрсетеді.


Егер жалпы өтімділік коэффициенті 1-ден аз болса, ұйым өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындай алмаса, сыртқы міндеттемелерді төлей алмайды. Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің теңдігі ұйымның шешім қабылдау үшін бос ақша қаражаты жоқ дегенді білдіреді жəне оның төлемге қабілетсіздік жағдайына «кіргендігін» айғақтайды.


Аталмыш көрсеткішті есептеген кезде оның аса жоғары мəні жағымсыз болуы мүмкін екендігіне көңіл бөлген жөн, себебі ол ұйымдағы қаржының дұрыс қалыптаспағандығын көрсетеді жəне жал-пы оның қызметінің тиімділігін төмендетеді.


Жалпы өтімділік коэффиценті= АҚ + ҚҚЖ +ДБ + Қ : ҚМ.

АҚ – кассадағы, банктердің есеп айырысу, валюталық жəне арнайы шоттарындағы ақшалай қаражат;


ҚҚЖ – қысқа мерзімді жұмсалымдар; ДБ – дебиторлық берешек;





  • – материалдық-өндірістік қорлар; ҚМ – қысқа мерзімді міндеттемелер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет