12.1. Қаржылық жағдайын бағалау
12.2. Коэффициенттер жүйесінің көмегімен қаржылық жағ-дайын бағалау
12.3. Қаржылық орнықтылығын (төлем қабілеттілігін) ба-ғалау
12.4. Қаржылық стратегиясы, қаржылық стратегиясының қағидаттары мен міндеттері
12.1. Қаржылық жағдайын бағалау
Ұйымның қаржы жағдайының тұрақтылығы көп жағдайда ак-тивтерге қаржы ресурстарын салудың мақсатқа лайықтылығы мен дұрыстығына байланысты. Активтер өзінің табиғаты бойынша қарқынды. Ұйымның қызмет көрсетуі барысында активтердің көлемі мен олардың құрылымы үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Қаржы құрылымында орын алған сапалы өзгерістер мен олардың дереккөздері, сондай-ақосыөзгерістердіңқарқынытуралыбіршамажалпыақпаратты бухгалтерлік есеп-қисап мəліметтерін сатылас жəне деңгейлес талдау арқылы алуға болады.
Сатылас деңгейдің негізінде бухгалтерлік есеп-қисапты жинақтайтын қорытынды көрсеткіштердің құрылымын сипаттай-тын салыстырмалы шама жатыр. Талдаудың міндетті элементі бо-лып табылатын осы шамалардың қарқынды реті шаруашылық құрал-жабдықтың құрамындағы жəне оларды жабу көздеріндегі құрылымдық ілгерілеуді болжап, бақылап отыруға мүмкіндік береді. Сатылас талда-уды жүргізудің қажеттілігі мен мақсатқа лайықтылығын байланысты-ратын екі негізгі ерекшелікті атап көрсетуге болады:
салыстырмалы көрсеткіштерге көшу пайдаланылатын ресурс-тардың мөлшері мен басқа да көлемді көрсеткіштер бойынша ажы-ратылатын экономикалық əлеует пен ұйым қызметінің нəтижелеріне шаруашылықаралық салыстыру жасауға мүмкіндік береді;
салыстырмалы көрсеткіштер қаржы есептілігінің абсолютті көрсеткіштерін айтарлықтай бұрмалап, олардың қарқынын салысты-руды қиындататын инфляциялық үдерістердің кері əсерін біршама деңгейде азайтады.
Сатылас талдауға не бастапқы есеп-қисап, не түрлендірілген есеп-қисап (баптардың ұлғайтылған немесе өзгерген атаулығымен) көп ұшырайды. Актив балансындағы дебиторлық берешектің үлес салмағының азаюын оң үрдіс ретінде қарастырған жөн. Қаржы
көздерінің құрылымында меншікті капитал үлесінің ұлғаюы оң үрдіс болып табылады.
Есептіліктің деңгейлес талдауы бухгалтерлік есеп-қисаптың құрамына кіретін жекелеген баптардың немесе олардың топтарының өзгеруүрдісінанықтауғамүмкіндікбереді.Талдаудыңбұлтүріабсолютті көрсеткіштер өсімнің салыстырмалы қарқынымен толықтырылатын бір немесе бірнеше талдамалық кестелерді құруға негізделген.
Талдау барысында есептік кезеңнің басы мен аяғындағы баланс ва-лютасыбойыншадеректердісалыстыруқажет.Жəнедеесептіккезеңдегі баланс валюталарының азаюы ұйымның шаруашылық айналымының қысқарғанын айғақтайды, ал бұл оны төлем қабілетсіздігіне əкелуі мүмкін. Шаруашылық қызметті қысқарту фактілерін анықтау оның себептерін (тауарларға төлемге қабілетті сұраныстардың азаюы, аталмыш ұйымның жұмысы мен қызметтерінің қысқаруы, нарыққа қажетті шикізаттарды, материалдар мен жартылай өңделген өнімдерді жеткізуді шектеу, еншілес ұйымдарды бас компанияның есебінен белсенді шаруашылық айналымдарына біртіндеп кіргізу) мұқият тал-дауды талап етеді.
Есептік кезеңдегі баланс валютасының ұлғаюын талдай келе, аяқталмаған құрылыс пен орнатылмаған жабдықтың негізгі қаражатын, егер олардың құнының ұлғаюы өндірістік қызметтің дамуымен байла-нысты болмаса, қайта бағалаудың əсерін ескеру қажет. Ең күрделісі – инфляциялық үдерістердің ықпалын ескеру, бірақ онсыз шикізаттар мен материалдар бағасының өсуі нəтижесінде дайын өнімнің қымбаттауы баланс валютасының ұлғаюының салдары болып табылатыны тура-лы біржақты қорытынды жасау қиынға соғады немесе ол ұйымның шаруашылық қызметінің ұлғайғанын көрсетеді. Егер орнықты база болса, ұйымның шаруашылық айналымының кеңеюін, оның төлеуге қабілетсіздігін жүргізілген кредит-қаржы саясатының, сонымен қатар алынған пайданы пайдаланудың тиімсіздігінен, баға стратегиясын анықтауда жіберілген қателіктерден жəне т.б. іздестіру қажет.
Ұйымның қысқа мерзімді міндеттемелерінің құрылымын зерттеу барысында олардың құрамы мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің өзгеру үрдісі талданады. Бір жағынан, ұйымның активтер жасайтын көздеріндегі қарыз қаражат үлесінің ұлғаюына қатысты анықталған үдеріс ұйымның қаржы тұрақсыздығының күшеюі мен оның қаржы тəуекелдіктері деңгейінің артқаны туралы, екінші жағынан, креди-торлардан борышқор ұйымға табысты қайта бөлу (инфляция жəне қаржы міндеттемелерін мерзімінде орындамау жағдайында) туралы айғақтайды.
Ұйымның нақты кредиторлары жəне олардың алдындағы міндеттемелерді мерзімінде орындау туралы ақпарат бар болса, толық атауын, заңды мекенжайын, төлем мерзімі мен сомасын, ұйым берешегінің жалпы сомасындағы аталмыш кредиттің үлесін көрсете
отырып, олардың тізімін жасау керек. Бюджет, əлеуметтік сақтандыру жəне қамтамасыз ету, бюджеттен тыс төлемдер бойынша ұйымның мерзімі өткен берешектерінің бар-жоғына (жəне ықтимал өсіміне) ерекше назар аудару керек.
Ұйымның айналымнан тыс активтерін талдаған кезде негізгі қаражаттың үлес салмағы ішкі факторлардың, мысалы инфляция жағдайында негізгі қаражат құндарын түзету кешіктірілгенде оларды есептеу тəртібінің салдарынан өзгеруі мүмкін екендігін ескере оты-рып, есептік кезеңдегі абсолютті көрсеткіштердің өзгеруіне, сондай-ақ негізгіқаражаттыңқозғалысына(жаңанегізгіқаражаттардықозғалысқа кіргізу, қозғалыстан шығару) ерекше назар аудару қажет. Себебі ол кезде шикізатқа, материалдарға, дайын өнімдерге баға айтарлықтай жоғары қарқынмен өсуі мүмкін.
Ұйымның активтер құрамында материалдық емес активтердің бо-луы ұйымның инновациялық стратегиясының басымдығын сипаттай-ды. Себебі ол патенттерге, лицензияға, басқа да зияткерлік меншікке қаржы салады, алайда мұндай жұмсалымдар олардың экономикалық тиімділігін қосымша бағалауды (аталмыш талдаудың аясынан тыс) та-лап етеді.
Ұйымның айналым қаражаты құрылымының өзгеру үдерісін зерт-теген кезде ақшалай қаражат, дебиторлармен есеп айырысу, қысқа мерзімді қаржы жұмсалымдары мен басқа да айналым активтерінің талдауына баса назар аударған дұрыс.
Вексельдер бойынша тапсырыс берушілер жəне сатып алушылар-мен есеп айырысу жөніндегі дебиторлық берешектің жоғары қарқыны аталмыш ұйымның өз өнімдерін тұтынушыларға арналған тауарлық несиелер стратегиясын белсенді пайдаланатындығын айғақтайды. Оларды кредиттей отырып, ұйым шын мəнінде, олармен өз табысының бір бөлігін бөліседі. Сонымен қатар, ұйым төлем төлеуді кешіктірген кезде ол өзінің шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін меншікті кредиторлық берешекті ұлғайта отырып кредит алуға мəжбүр.
Ұйымның дебиторлық берешегін тереңірек талдау үшін əрбір де-битор, дебиторлық берешектің сомасы жəне оларды өтеу мерзімі ту-ралы мəліметтер көрсетілген шарт белгіні ашуды қосымша сұрастыру қажет. Жəне де дебиторлық берешекті кейінгі талдаудың негізгі міндеті оның өтімділігін бағалау, яғни ұйым борыштарының қайтымдылығын бағалау болып табылады.
Ақшалай қаражат пен қысқа мерзімді қаржы жұмсалымдары ең жеңіл өтетін активтер болғандықтан, олардың үлесінің ұлғаюын оң үрдіс ретінде қарастыруға болады. Алайда, қазіргі жағдайда біржақты қорытынды жасау үшін, біріншіден, аталмыш ұйымның портфеліндегі қысқа мерзімді бағалы қағаздардың өтімділігін, екіншіден, ақшалай қаражат айналымының жылдамдығын инфляцияның қарқынымен са-лыстыра отырып бағалаған дұрыс, ол үшін қосымша ақпарат қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |