Жаңарту коэффициенті. Негізгі құралдардың есеп кезеңінің соңына енгізілген қолда барының бөлігі негізгі құралдардың қандай бөлігін көрсетеді. Бұл топтың көрсеткіштері ұйымның өзінің ағым-дағы міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетін сиапттап, талдауға мүмкіндік береді.
Ұйымның өзінің əртүрлі міндеттемелері үшін уақытында төлеу қабілеті оның ағымдағы қаржы жағдайының маңызды сипаттамасы болып табылады. Бұл қабілет немесе өтімділік қолда бар төлем ресур-стары мөлшерінің қысқа мерзімді міндеттемелер мөлшеріне сəйкес келу деңгейіне байланысты. Жəне бірінші кезекте ақшалай қаражат пен қысқа мерзімді борышқорлық міндеттемелер төлем ресурстары ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұл – ұйымның ең жұмылдырылған активтері. Ақшалай қаражат шұғыл төлемдерді жүзеге асыруға дайын. Бағалы қағаз да қысқа мерзімде ақшаға айнала алады. Ағымдағы бо-рыштарды өтеу үшін ақшалай қаражат пен бағалы қағаздарға қысқа мерзімді қаржы жұмсау жетпеген жағдайда ұйым жұмылдыруы бой-ынша активтердің келесі түрі – дебиторлық берешекті қолма-қол ақшамен жасалатын төлемге айналдыруы мүмкін. Егер ол қысқа мерзімді борышқорлық міндеттемелерді өтеу үшін жеткіліксіз болса, бұл жағдайда ұйым материалданған айналым активтерін – қорлар мен шығындарды төлем ресурстарына айналдыруға мəжбүр.
Баланс өтімділігін талдау олардың активтерінің өтімділік деңгейін анықтауға, яғни мүліктің қолма-қол ақшаға айналуына жəне мерзімдік міндеттемелерді өтеу арқылы баланс пассивінің өтемділігіне мүмкіндік
береді. Егер өтетін активтер міндеттемелерді өтеуге жетерлік сома беретін болса, онда баланс өтімді, ал ұйым төлемге қабілетті немесе керісінше.
Төлем қабілеттілігін (өтімділікті) талдау төлем құралдарына ай-налуы мүмкін айналым активтері көрсетілген жəне қысқа мерзімді борышқорлық міндеттемелерді өтеу көзі болып табылатын ба-ланс активінің 2-тарауының деректері бойынша жүргізіледі. Қысқа мерзімді борышқорлық міндеттемелер баланс пассивінің 5-тарауында көрсетіледі.
Ұйымның өтімділігін талдау абсолютті жəне салыстырмалы көрсеткішті пайдалана отырып, жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |