Баға дискриминациясы– сатып алушылардың əртүрлі топтары үшін бір өнімнің бағасына əртүрлі баға белгілеу, мұндағы бағалардың айырмашылығы шығындардың салдарынан болмайды.
Бағалардың индексі– уақыттағы бағалардың ара қатынасын си-паттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Бағалардың тепе – тең деңгейі – жиынтық сұраныстың қисығы жиынтық ұсыныстың қисығын кесіп өтетін бағалардың деңгейі.
Бағалаудағы табысты тəсілдеме –бағаланатын кəсіпорынның болашақ табыстарын бағалауға негізделген тəсілдеме.
Бағалаудағы шығын тəсілдемесі – кəсіпорынның активтерінің ұдайы өндірісі үшін қажетті шығындарды талдау негізінде кəсіпорынның құнын анықтаудан туындайтын тəсілдеме.
Бағалы қағаздар нарығы (Қор нарығы) – рынокта акциялар мен облигациялар, депозиттік сертификаттар, қазыналық міндеттемелер мен басқа да ұқсас құжаттардың айналымы арқылы қаржы ресурста-рына деген ұзақмерзімді қажеттіліктерді қамтамасыз ететін рынок.