Банк операциялары– банктердің қызметтерінің пайдалылығы мен қызмет етуін қамтамасыз ететін операциялар. Пассивті жəне активті операциялар, банк қызметтері мен банктің жеке операциялары-на ажыратылады.
Банкаралық рынок– кредит мекемелерінің уақытша бос ақшалай ресурстарытартылып,банктерарасындабасымдытүрдебанкаралықде-позиттер нысанында орналастырылатын ссудалық капитал рыногының бөлігі.
Банкроттық –сот инстанциясымен айқындалған, қарыз міндеттемелері бойынша төлемдерді жүргізудің қабілетсіздігі.
Банктер – өнеркəсіптік, сауда жəне басқа кəсіпорындар, ең басты-сы салымдар түрінде алынатын қаражат есебінен кредиттеу бойынша əмбебап операцияларды жүргізетін ұйымдар.
Банктік кредит– ақшалай қаражаттың иелері, басымды түрде банк арқылы ақшалай ссудалар түрінде ұсынылатын кредит.