Басқарудың ұйымдастырушылық сызбасы – кəсіпорынның бөлімшелері арасында өзара əрекеттің қисынды құрылымы.
Бəсекелестік – өнімді өндіру мен өткізудің ең үздік жағдайлары үшін рынокқа қатысушылар арасындағы бəсеке.
Бəсекелестік артықшылық– рынокта тұрақты жағдайды қамтамасыз ететін жəне оны басқа бəсекелестерден жағымды түрде айыратын, кəсіпорын өнімінің баға, сапалық жəне басқа да сипаттама-лары.
Бəсекелестің (бағыттың) бес күштің моделі –рынокта фирманың жағдайын анықтайтын негізгі бəсекелес күштерді талдаудың əдісі: ұқсас өнімді өндірушілердің басқа жабдықтаушыларының бəсекелес күштері, фирмалар – əлеуетті бəсекелестер, фирмалар – алмастыратын
292
жабдықтаушылар, сонымен қатар ресурстармен жабдықтаушы жəне өнімді сатып алушылардың бəскелестік ұстанымдары.
Бизнес-жоспар– кəсіпорынның (фирмалар) жағдайы, оның мақсаты мен оған жету жолдары мен нəтижелерін сипаттайтын егжей-тегжейлі, нақты құрылымды құжат.