Брокерлік фирма – бағалы қағаздар, тауарлар мен басқа да меншіктің түрлеріне қатысты клиенттерден сату немесе сатып алу тап-сырысын жəне осы қызметтерді көрсету есебінен комиссиялық алым түрінде марапаттау алатын агент.
Бухгалтерлік пайда– жалпы түсім мен фирманың шығындары арасындағы айырма.
В
Валюта – халықаралық есеп айырысуларда қолданылатын белгілі бір ұлттық ақшалай бірлік түріндегі ақшалай міндеттемелер немесе кез келген төлем құжаттары.
Валюталық арбитраж– əртүрлі валюталық рыноктарда (кеңістік арбитраж) немесе бағамдар қарқынының айырмасында (уақытша ар-битраж) бір ақшалай бірліктің валюталық бағамдарының айырмасы-нан пайданы алу мақсатымен байланысты операциялар.
Валюталық баға белгілеу– ұлттық ақшалай бірліктің бағамын шет ел ақшалай бірліктің бағамына тіркеу. Мұнда ұлттық ақшалай бірлік тікелей баға белгілеу (1, 10, 100 шетел валютасының бірлігі =
ұлттық валютаның бірлігі) нысанында, сонымен қатар айналым баға белгілеу (1, 10, 100 ұлттық валютаның бірлігі = х нысанында шет елвалютасының бірлігі) болып белгіленуі мүмкін.