Қалыпты пайда – фирманың басшыларымен өндіріске салынған міндетті шығындарға тең пайда.
Қаржы – бюджет пен салықтардың синонимі, кей кезде – барлық қаржы-кредит жүйесі (Қаржы-кредит жүйесін қара).
Қаржы-кредит жүйесі –бюджеттік, салық, ақшалай жəне кредит жүйесі.
Қаржы нарығы (ссудалық капитал нарығы) – капиталдың сұранысыменұсынысынегізіндеделдалдардыңкөмегіменкредиторлар мен қарыз алушылардың арасында капиталды қайта бөлу механизмі.
Қолда бар табыстар– салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді шегергендегі номиналды табыстар.
Қолма-қолсыз ақша – банк шоттарындағы жазбалар. Қолма-қол ақша – монеталар, банк билеттері (банкноттар) мен
қазыналық билеттер.
Қор–құрастырушы,қайырымдылық,мəдени,білімберужəнебасқа да пайдалы мақсаттағы өз еркімен салынатын мүліктік жарналардың негізінде азаматтармен жəне заңды тұлғалар есебінен құрылған мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым.
Қор биржасы– белгілі тəртіпте құрылған бағалы қағаздар рыногы, мұнда биржаның деладалдары бағалы қағаздарды қолдана отыра, сату-сатып алу мəмілелерін жүзеге асырады.