Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68



бет33/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

4.2-кесте. Тəуекел-менеджмент стандарттары



Əзірлеуші

Құжаттың атауы

Сommttee Sponsorig Organizatious Enterprize Risk Management-Integrat-of the Treadway Commission (coso), ed Framework (EPM), 2004 USA


81

6–7516


Тредвел демеушілік ұйымдар комис-

Ұйым

тəуекелдерін

басқару –

сиясы комитеті, АҚШ







біріктірілген сызба (схема)

The Institute of risk management(IRM),

A Risk management Standard. 2002.

The Association of Insurance and Risk

Тəуекелдерді басқару стандарты

Managers (AIRMIC) and ALAPM The










National Forum for rick management in










the public sector,UK, Adapter by Fed-










eration of European Risk Management










Associations.

Тəуекел

менеджмент










институты,

Тəуекел

менеджмент










жəне

сақтандыру қауымдастығы,










Қоғамдық

сектордағы

тəуекел-










менеджменттің ұлттық

форумы










(Ұлыбритания), Еуропалық тəуекел-










менджерлер

федерациясымен










қабылданған



















Basel Committee on banking super-

Basel

ІІ: International

Convergence

vision – Базель банктік қадағалау

of Capital Measurement and Capital

жөніндегі комитеті







Standards: a revised Framework, 2004.
















Базель ІІ: Халықаралық капиталды
















жəне

капиталдың жеткіліктілігін
















басқару стандарттары




Standards Association

of

Austra-

Australian/New Zealand Risk Manage-

lia –

Австралияның

стандарттары

ment Standard, 2004. Австралия жəне

жөніндегі қауымдастығы




Жаңа Зеландия тəуекелдерін басқару
















стандарты




Көрсетілген құжаттарда тəуекелдерді басқарудың жаңа пара-дигмасының негізгі төмендетулері қалыптасқан, тəуекелдерді сəйкестендірудің, оларды өлшеудің, талдаудың, өңдеудің, коммуника-ция мен мониторинг əдістері анықталған. Сондай-ақ, кəсіпорындардағы тəуекел-менеджменттің интеграцияланған жүйелерге қатысты талап-тар жəне оларды қалыптастыру рəсімдерін сипаттау келтірілген.




4.4. Тəуекелдерді басқару əдістері

Тəуекелдерді басқару əдісі – бұл компанияның тəуекелді жүзеге асыру мүмкіндігінің болуына жауап беру түрі. Осындай əдістердің бірнеше түрі бар:



  • тəуекелді қабылдау;

  • тəуекелді шектеу;

  • тəуекелді қамтамасыз ету;

  • тəуекелдің төмендеуі;




82


  • тəуекелді сақтандыру;




  • тəуекелден жалтару əдістері жатады.

Осы тəуекелдердің əрқайсысы мынаны болжайды, яғни кəсіпорын операциядан алынатын тиімділікті (табыстылықты) жəне ықтимал шығындар (тəуекелдер) мөлшерін салыстырады. Бұл жағдайда басқарушылық ықпал операциядан түсетін барлық оң жəне теріс əсерлерді бағалауға жəне меншікті капиталдың қажетті көлемін қамтамасыз етуге сайып келеді, ол тəуекелді жүзеге асыру жағдайындағы шығындардың орнын толтыруға мүмкіндік береді. Та-лап етілетін меншікті капитал екі əдіспен жасалады: резервтеу арқылы жəне қорландыру арқылы.


Резервтеу резервтерді есепке алудың əлеуметтік шотына белгіленген соманың есептелуін болжайды. Көбінесе осы соманың шамасы тəуекелге түскен соманың пайызы ретінде анықталады. Резервтеудің айқын мысалы ретінде Ұлттық банктің талаптарына сəйкес коммерциялық банктермен жүзеге асырылатын ұқсас проце-дура қарастырылады. Резервтеудің ерекшелігі мынада, яғни осы сəтте кəсіпорында кейінге қалдырылған салықтық міндеттеме туындайды, сəйкесінше төленуі тиіс пайдаға салынатын салық азаяды. Егер мұндай резервтеу қолданыстағы заңнама шегінде, мысалы, коммерциялық бан-ктерде, жүзеге асырылса, онда салық салынатын пайда азайтылатын болады. Кері жағдайда, салық органдары пайдаға салынатын салықты есептеу кезінде кəсіпорын жасаған резервтер шамасын назарға алмауы мүмкін.


Тəуекелдердірезервтеуменсалыстырғандатəуекелдердіқорландыру нормативті актілермен регламенттелмейді, ешқандай салықтық жеңілдіктерді туындатпайды жəне белгіленген тəуекелге арнайы қорды құруды болжайды. Бұл қор кəсіпорынның бастамасы бойынша бөлінбеген таза пайда есебінен жасалады. Тəуекелді қорландыруды жүзеге асыру кезінде құрылған қор кəсіпорынның меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Егер мұндай қамтамасыз ету жоқ болса, онда тəуекелді қорландыру кері əсерге, өтімділіктің қосымша тəуекелін құруға алып келуі мүмкін.


Тəуекелді шектеу оның қабылдануын, бірақ қатаң белгіленген шек-терде (лимиттерде) қабылдануын болжайды. Лимиттер көп жағдайда, бүтін жүйені туындатады, ол бүкіл кəсіпорын жəне оның жекелеген бөлімшелері үшін жасалады. Қолданыстағы лимиттер жөніндегі ақпарат лимиттік тізімдеме (ведомость) деп аталатын арнайы құжатқа енгізіледі. Сонымен қатар, əрбір лимит үшін оның əрекет ету мерзімі жəне қайта бағалау тəртібі белгіленеді.


Лимиттер тəуекелдің əр алуан түрлерін басқару үшін қолданылады. Мысалы, валюталық тəуекелді басқару кезінде лимит компанияның ашық валюталық позициясының ұзындығы мен шамасына белгіленген шектеулер түрінде белгіленеді.



83


Егер валюта бағамы төмендетілсе, ұзын валюталық позициялар жіберілген пайда түріндегі кəсіпорынның ықтимал шығынын жасай-ды. Қысқа валюталық позициялар валюта бағамының кері қозғалысы кезінде тəуекелді туындатады. Кейде лимиттер заң түрінде бекітіледі. Ашық валюталық позицияға лимиттерді анықтаудың осындай мысалы əрекет етеді жəне банк тəжірибесінде қолданылады.

Тəуекелдердіқамтамасызетутəуекелдіөзінеқабылдайтын тұлғаның арнайы алыну көзі есебінен өзінің ықтимал шығындарын өтеудің сөзсіз құқығын иеленуін болжайды. Арнайы алыну көзі ретінде:



Бірінші қамтамасыз етудің мəні қарыз алушы міндеттемелерді орындамаған жағдайда, кредиторға зиянды өтейтін белгілі бір тұлға – кепілгердің болуында жатыр. Осындай кепілгердің міндеттемелері əр алуан қаржылық құралдарды пайдалану кезінде туындауы мүмкін. Мы-салы, оларға кепілгерліктер, аккредитивтер, авальдар, индоссаменттер жатуы мүмкін.


Мүлік кепілі борышкер міндеттемелерді орындамаған жағдайда, кредитордың кеткен шығындарды өтеу мақсатында кепілге қойылған мүлікті мəжбүрлі тəртіпте сату құқығын болжайды.


Тəуекелдерді қамтамасыз етудің осындай əдісін қолданудың мысалы ретінде ипотеканы қарастыруға болады. Мүлік кепілінің ерекшелігі мынада, яғни кепілге қойылған мүлік кепіл берушінің де-фолты туындағанға дейін оның иелігінде қалады. Ол кепіл алушы үшін проблема туындатады, ол кепіл беруші тарапынан қарсыласу болған жағдайда кепілді сату қиындығымен шарттасылған.


Кепілмен салыстырғанда, құндылықтардың кепілсалымы құнды-лықтардың уақытша шеттетілуін жəне кепілсалым затына өндіріп алуды қолдану қажеттілігі кезінде кепілсалымды алушыға арналған құқықпен олардың кепілсалымды алушыға немесе үшінші тұлғаға сақтауғаберудіболжайды.Мұндайқұралдықолданукепілсалымдыалу-шыны кепілсалымды сатудың күрделілігімен байланысқан тəуекелден қорғайды.


Талап ету құқығының кепілі мынаны болжайды, яғни кепіл заты ретінде, мысалы, шаруашылық шарттар бойынша қалыптасқан дебиторлық берешек алынады. Борышкер өз міндеттемелерін орын-дамаған жағдайда, кредитор кепілге салынған дебиторлық берешекпен жасалған ақшалай ағымдарды алу немесе факторинг тəртібінде осы дебиторлық берешекті сату құқығын иеленеді.


Тəуекелдің төмендеуі əртараптандыру, иммунизация жəне хед-жирлеу түріндегі арнайы технологияларды қолдануға негізделген. Əртараптандыру процедурасы тəуекел туындатушы фактор бойын-



84


ша түрлі бағытталған тенденцияларды иеленетін əр алуан активтер арасындағытəуекелдердіңбөлінуінболжайды.Тəуекелдіңтөмендеуінің осы əдісі портфель теориясына негізделген. Тəуекелдің төмендеуінің осындай əдісінің мысалы ретінде Г. Марковиц моделіне сəйкес бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру қарастырылады.
Ашық валюталық позиция – компанияның бір валютамен өрнектелген активтері мен міндеттемелері арасындағы айырма.

Иммунизацияпайыздықтəуекелдердітөмендетугемүмкіндікбереді жəне пайыздық тəуекелге осындай акитивтерді қалыптастырумен бай-ланысты, ол үшін осы пайыздық тəуекел мақсатқа айналады. Иммуни-зация процедурасының негізінде дюрация түсінігі жатыр.


Хеджирлеу тəуекелдерді төмендетудің əмбебап əдісін көрсетеді, ол əр алуан сипаттағы тəуекелдерді төмендету үшін қолданылады. Бұл əр алуан нарықтық (бағалық) көрсеткіштермен – тауар, валюта, қор жəне кредит нарығындағы көрсеткіштермен байланысқан тəуекелдер болуы мүмкін. Хеджирлеу форфардтық, фьючерстік, опциондық жəне своп-келісімшарттары түріндегі туынды қаржылық құралдарын қолдануға негізделеді. Ашық позицияның болуымен байланысқан жоғарыда көрсетілген мысалда тəуекелдерді ашық позиция шамасына жəне бағытына лимиттерді анықтау тəсілімен ғана емес, сондай-ақ хеджир-леу жолымен де басқаруға болады. Мысалы, ұзын валюталық позиция болған жағдайда валютаға фьючерстік келісімшарттар бойынша тиісті қысқа позицияны ашу арқылы туындаған тəуекелді төмендетуге бола-ды. Ал қысқа валюталық позиция болған жағдайда керісінші əрекет ету керек.


Тəуекелдердісақтандыру–сақтандырукомпаниясыменсақтандыру шартын жасасуды көрсетеді, оған сəйкес сақтандырушы сақтандыру жағдайы кезінде сақтандырылушыға шартпен анықталған сақтандыру сомасы шегінде төлемін төлеуге міндеттенеді, ал сақтандырушы белгіленген мерзімде шарттасылған сақтандыру жарналарын төлеуге міндеттенеді. Сақтандыру жағдайы тəуекелдің нақты түрі жүзеге асырылса туындайды. Бір қарағанда, сақтандыру – бұл тəуекелдерді басқарудың əмбебап əдісі болуы мүмкін. Басты шектеу сақтандыру тəуекелдерді басқарудың өте қымбат əдісі болып табылатындығымен байланысты. Сонымен қатар сақтандыру компаниялары тəукелдің барлық түрінен сақтандыру шарттарын жасай бермейді. Нəтижесінде, сақтандыру шартына сəйкес, сақтандырушы кредитор үшін сатып алушы болып қалса, онда сақтандыру арқылы басқарылатын тəуекел автоматты түрде кредиттік тəуекелге немесе сақтандырушы тарапы-нан төлемсіздік тəуекеліне түрленеді. Аталған жағдайлар ҚР-дағы сақтандыру тəуекелдерін басқарудың танымал емес əдісіне айналды-рады.


Тəуекелдерді беру құн дисконты бар тəуекелге түсетін активтерді сатып алу сату процесін көрсетеді. Дисконт көп жағдайда тəуекелдің



85


нарықтық бағасынан үлкен болады, егер ол сатылса, онда шығындар артығымен жабылады. Осындай қызметтер түрін көрсетумен дебиторлық берешекті (факторинг) сатып алатын коммерциялық банктер айналысады. Арнайы форфейтингтік ұйымдар қайталама нарықтан вексельдерді сатып ала алады. Əр алуан елдерде борыш-тарды сатып алумен айналысатын мамандандырылған борыштық агенттіктер əрекет етеді.

Тəуекелдерді сатудың өте дамыған əдісіне секъюритизация жатады, ол борыштық бағалы қағаздарды шығаруды көздейді. Секъюритизацияның ипотека саласындағы түрі кең тараған, бірақ та ол активтердің өзге түрлерімен, мысалы, дебиторлық берешекпен байланысқан тəуекелді сату үшін қолданылады. ҚР-да секъюрити-зация құралдарын соңғы жылдары коммерциялық банктер белсенді түрде қолдана бастады.


Тəуекелден жалтару кəсіпорындар үшін жоғары тəуекелдерді қалыптастыратын операциялардан бас тартуды болжайды. Тəуекелді басқарудың бұл əдісі бір қарағанда өте қарапайым болып көрінеді. Шындығында, шығынға ұшырамау үшін тəуекелге бел буудың қажеті жоқ. Бірақ та мынаны ескеру керек, яғни компаниялар тəуекелді саналы түрде қабылдайды, өйткені осындай əдіспен ғана кəсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарылатуға болады. Сондықтан да тəуекелден жалта-ру компания қызметі тиімділігінің маңызды түрде төмендеуіне алып келеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет