Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68


Корпорацияның қарыз капиталын кредиттер нысанында қалыптастыру



бет62/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

10.3. Корпорацияның қарыз капиталын кредиттер нысанында қалыптастыру


Кредит – бұл кредиттік ұйымның (банктің) қарыз алушыға кредиттік шарт бойынша қарастырылған мөлшерде жəне талаптарда ақша беруі, бұл жағдайда қарыз алушы алынған соманы жəне ол бой-ынша пайыздарды төлеуге міндеттенеді. Кредит кезінде қарыз беруші ретінде банк (кредиттік ұйым) əрекет етеді, ал кредит заты ретінде ақшалай қаражаттар алынады. Қарыз алушылар ретінде ағымдағы не-месе инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қосымша ақшалай ресурстарды қажет ететін шаруашылық субъектілері əрекет етеді.

Қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда кредиттер – банктік (қамтамасызетусіз)жəнеқамтамасызетуібардепбөлінеді.Қамтамасыз етуі бар кредиттер келесі түрлерге бөлінеді: тауар кепіліне, вексельдік (вексельді сатып алу немесе кепілге қою), қор (бағалы қағаздар кепіліне), ипотекалық (жылжымайтын мүлік кепіліне) жəне т.б.


Берешекті өтеу сипаты бойынша кредиттер бір реттік төлеммен не-месе уақыты созылған деп бөлінеді.


Қолданылу саласына жəне қарыз алушы түрлеріне қатысты қаржылық кредиттің екі түрі болады: банкаралық кредит (заем-шы ретінде банк əрекет етеді) жəне коммерциялық мақсаттарға арналған кредит, ол жағдайда заемшы ретінде кəсіпорын, серіктестік, шаруашылық етуші қоғам жəне т.б. əрекет етеді.


Қаржылық кредит негізінен банктерге беріледі, дегенмен олар еркін ақшалай қаражаттары бар ұйымдарға (мысалы, орталық компаниямен Қаржылық-өнеркəсіптік топтың қатысушыларына, бас компаниямен еншілес акционерлік қоғамдарға жəне т.б.) да берілуі мүмкін.


Банктердің клиенттермен (қарыз алушылармен) кредиттік қатынастарының негізгі кезеңдеріне (сатыларына) жататындар:





  • кредит алу туралы өтінімді қарастыру жəне банк мамандарының ықтимал қарыз алушымен жеке байланысуы;




  • ықтимал қарыз алушының кредиттік қабілетін талдау жəне өтінім сапасын бағалау;




  • кредиттік шартты дайындау;

  • кредитті ресімдеу жəне кредиттік шарт талаптарының орындалу-ын бақылау.

Əрбір сатыға жеке-жеке толығырақ тоқталайық.



148




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет