10.2. Қарыз капиталын басқаруда қаржы тұтқасының (левериджінің) нəтижесін пайдалану
Егер корпорация қарыз капиталды пайдаланатын болса, онда меншікті капиталдың рентабельділігі банктік капиталды тарту есебінен артуы мүмкін. Қаржылық менеджмент теориясында меншікті капитал рентабельділігінің мұндай артуы қаржы тұтқасының нəтижесі деп ата-лады.
Екі акционерлік қоғам мысалында МКР-ін есептеу үшін берілген бастапқы деректер:
Көрсеткіштер
|
№1 АҚ
|
№2 АҚ
|
1. Активтердің рентабельділігі
|
20%
|
20%
|
2. Баланстың пассиві млн теңге, соның
|
60 млн
|
60 млн
|
ішінде
|
|
|
2.1. меншікті капитал
|
60 млн
|
30 млн
|
2.2. қарыз капитал
|
-
|
30 млн
|
Баланс активі
|
60 млн
|
60 млн
|
Бухгалтерлік пайда
|
12 млн
|
12 млн
|
60 млн х 20% = 12 млн пайда.
Осы параметрдің сипаттамасына көшпес бұрын, «активтер рентабельділігі» түсінігі немен анықталатындығын анықтайық (Pa):
Ðà = Áï ⋅ 100%
À
Мұндағы, Бn – бухгалтерлік пайда (салықсалғанға дейін);
– есеп айырысу кезеңіндегі активтердің (мүліктің) орташа құны. Активтердің рентабельділігі – корпорацияның өте маңызды
көрсеткіші, оның қаржылық-шаруашылық қызметіндегі болашақ табыстарының кепілі.
Мысал ретінде активтердің рентабельділігінің бірдей деңгейі бар екі акционерлік қоғамды қарастырайық.
Баланс пассиві – əртүрлі құрылымдағы екі АҚ арасындағы ерекшелік. Еркін экономикалық аймақта бола тұра АҚ-ның екеуі де пайдаға салынатын салықты төлемейді делік, онда №1– АҚ меншікті капитал есебінен ғана 12 млн теңге пайда алады. МКР = 12 млн/60 млн=
20%. Бірақ №2 АҚ пайыздардың орташа есеп айырысу мөлшерлемесіне байланысты (ПОЕМ) пайданың тура сол сомасынан берешек бойынша пайыздарды төлеуі тиіс. ПОЕМ – 15%, бұл қаржы шығындары 4,5 млн құрайды (30 млн х 15% = 4,5 млн теңге). МҚР
145
(меншікті қаражат рентабельдігі) 25%-ға (7,5 млн/30 млн) тең болса, басқа шығыстардың орнын толтыруға 7,5 млн теңге қалады (12 млн
– 4,5 млн). Осылайша, 20% активтердің бірдей рентабельдігінде ба-ланс пассивінің басқа құрылымының нəтижесінде алынған меншікті капитал табыстылығында айырмашылық болады. Бұл 25% – 20% =5% айырмашылық қаржы тұтқасының нəтижесі деп аталады. ҚТН
– бұл кредиттің ақылы болғандығына қарамастан оны пайдаланудың нəтижесінде алынған МҚР-ның үстелімі.
Екі АҚ бойынша пайдаға салынатын салықты есептегендегі МҚР-ның есебі
Көрсеткіштер
|
№1– АҚ
|
№2– АҚ
|
Бухгалтерлік пайда
|
12 млн
|
12 млн
|
Қаржы
|
шығындары
|
-
|
4,5 млн
|
(кредит үшін %-бен)
|
|
|
Ағымдағы нəтиже
|
12 млн
|
7,5 млн
|
Пайдаға
|
салынатын
|
1,8 млн
|
1,12млн
|
салықтың сомасы (15%)
|
|
|
Таза пайда
|
|
10,2 млн
|
6,375 млн
|
Меншікті
|
қаражаттың
|
10,2 млн/60 млн =17%
|
6,375 млн/30 млн =
|
рентабельділігі
|
|
21,25%
|
Келтірілген мысалдан көргеніміздей, пайдаға салынатын салық төлемін ескергеннің өзінде баланс пассивінің басқа құрылымының есебінен №2-АҚ-ның МҚР-сы №1– АҚ-ға қарағанда, 4,25%-ға (21,25%-17%) жоғары.
Қорытынды: №1 – АҚ тек өзінің меншікті капиталын пайдаланып, оның рентабельділігін активтер табыстылығының шамамен екіден үшіне шектейді. №2 – АҚ кредит тарта отырып, баланс пассивіндегі меншікті жəне қарыз қаражаттар арасындағы арақатынасқа жəне кредиттің пайыздық мөлшерлемесінің (ПОЕМ) мөлшеріне байланы-сты МҚР артады (түседі). ҚТН-ның МҚР-ға тигізетін əсерін қарастыра отырып, АҚ кредиттің жəне пайдаға салынатын салықтың пайызын төлеу үшін қаражат жететіндей активтер рентабельділігін қарастыруы қажет екендігін айта кеткен дұрыс.
Кредит үшін төленетін ПОЕМ-ы (пайыздың орташа есептік мөлшерлемесі) төмендегідей анықталады:
|