Тақырыптық есептер
№1 есеп
Дəрі-дəрмек шығаратын «Шипа» кəсіпорны 2011 жылы инвестициялық мақсаттар үшін қажетті қаражатты банктік кредит ныса-нында тартуды шешті. Банк кредит беруге келісіп отырған мөлшерлеме 20%-ды құрайды. Қарыз алушының жиынтық шығындарға қатысты банктерден тартқан кредиттерінің шығыстар деңгейі 10%-ды құрайды. «Шипа» кəсіпорнының банктік кредит нысанында тартқан қарыз капиталының құнын анықтаңыздар.
№2 есеп
«Шипа» кəсіпорнының басқармасы облигациялық қарыз тарту арқылы өзінің жаңа инвестициялық жобасын қаржыландырудың екі ықтимал нұсқасын қарастырып жатыр. Бірінші нұсқа бойынша 15% купоны бар атаулы құны 10 000 теңге болатын 10 000 купондық об-лигация шығарылуы мүмкін. Бұған эмиссия жүргізу үшін 5 млн теңге шығын шығару қажет. Екінші нұсқа атаулы құны 120 000 теңге бо-латын 10 000 дисконттық облигацияны шығаруды жоспарлап отыр, дисконтының деңгейі 20 000 теңге. Аталмыш шығарылымға эмиссия жүргізу бойынша шығындар деңгейі 7 млн теңгені құрайды. Тартылған қарыз капиталдың құнына байланысты ең қолайлы нұсқа қайсысы екенін анықтаңыздар.
№3 есеп
«Шипа» жəне «Бөбек» корпорациялары активтерінің көлемі 2011 жылы 100 млн теңгені құрады. Екі корпорация активтерінің пайдалылығы да (ROE) бірдей, 25%. Бірақ капитал құрылымында айтарлықтай айырмашылық бар. «Шипа» корпорациясының 40% ка-питалын қарыз капитал құрайды, ол бойынша пайыздардың орта-ша есептік мөлшерлемесі 20%-ға тең. Кəсіпорынның екеуі де еркін экономикалық аймақта жұмыс істейді жəне пайдаға салынатын салықтан босатылған. Осы мəліметтерді пайдалана отырып, «Шипа» корпорациясының қаржы тұтқасының көлемін есептеңіздер.
№4 есеп
№3 есепте берілген деректерді пайдалана отырып, еркін экономикалық аймақта орналаспаған жəне сəйкесінше, пайдаға са-лынатын салықтан босатылмаған кəсіпорынның қаржы тұтқасының көлемін есептеңіздер. Пайдаға салынатын салықтың мөлшерлемесі КТС-ның 2011 жылғы мөлшерлемесіне тең жəне 15%-ды құрайды.
№5 есеп
«Бөбек»-тің пассивтер көлемі 2011 жылға 100 млн теңгені құрайды. Олардың 50%-ы қарыз, ал 50%-ы меншікті қаражатқа келеді. 2010 жылы таза пайданың мөлшері 20 млн теңгені құрады. 2011 жылы
айналым қаражатының өсімін қаржыландыру үшін қысқа мерзімді кредит тартуға шешім қабылданды. 2011 жылдың есептеріне сəйкес, аталмыш қаржы тартудың нəтижесінде таза пайданың көлемі 25 млн теңге болды. Кредит тарту туралы шешім қаңтар айының басында қабылданды. ҚР ҰБ қайта қаржыландыру мөлшерлемесі сол кезде 90% болатын. Жоғарыда келтірілген мəліметтерді пайдалана отырып, «Бөбек» корпорациясының меншікті капитал рентабельділігі деңгейін төмендетпестен қысқа мерзімді кредит нысанында қарыз қаражат тар-та алатын шекті пайыздық мөлшерлемесінің көлемін анықтаңыздар.
№6 есеп
Кестеде екі кəсіпорынның 2011 жылға арналған бухгалтерлік балансы бойынша бірнеше мəлімет берілген. Осы мəліметтерді, сондай-ақ баланс өтімділігін сипаттайтын коэффициенттерді пайда-лана отырып, аталмыш кəсіпорындардың қаржы орнықтылығы мен төлем қабілеттілігін анықтаңыздар. Келесі мəліметтерге сүйене оты-рып, осы қарыз алушылардың кредит төлеуге қабілеттілік рейтингін жасаңыздар.
|
|
|
«Бөбек»
|
«Шипа»
|
Кассадағы, банктің арнайы, валюталық,
|
5 млн теңге
|
7,5 млн теңге
|
есеп
|
айырысу
|
есепшоттарындағы
|
|
|
ақшалай қаражат
|
|
|
|
Қысқа мерзімді қаржы салымдары
|
12,5 млн теңге
|
7,5 млн теңге
|
Дебиторлық берешек
|
|
15 млн теңге
|
15 млн теңге
|
Материалдық-өндірістік қосалқы қорлар
|
10 млн теңге
|
25 млн теңге
|
Қысқа мерзімді міндеттемелер
|
50 млн теңге
|
50 млн теңге
|
Меншікті капитал
|
|
150 млн теңге
|
175 млн теңге
|
Баланс валютасы
|
|
250 млн теңге
|
300 млн теңге
|
Достарыңызбен бөлісу: |