Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68



бет66/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

Төртінші сатысы. Кредитті алу үшін қарыз алушы кредитор-банкке келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:



  • несиені алу үшін өтініш-қолдаухат;

  • құрылтайшылық құжаттардың нотариуспен расталған көшір-мелері;




  • қолдың жəне мөрдің үлгілері бар нотариуспен расталған карточка;

  • кредитке деген сұраныстың техникалық-экономикалық негіз-демесі (ТЭН);




  • қарыз алушының кредиттік қабілетін анықтау үшін соңғы есеп беру күніндегі бухгалтерлік баланс;

154


  • бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы салық органынан анықтама;




басы;

  • кепіл шарты, кепілгерлік шарты, кепілгер ұйымнан (банктен, ірі компаниядан жəне т.б.) кепілдік хат, кредитті өтемеу жағдайына қарыз алушының жауапкершілгін сақтандыру туралы шарт жəне т.б.




  • белгіленген мерзімге сəйкес кредитті өтеу туралы жедел мін-деттеме-тапсырма;




  • өзге банктерден алынған қарыздары туралы анықтама;

Барлық ұсынылған құжаттар мұқият тексеріледі жəне талдана-ды. Кредитті беру туралы мəселені шешкен соң, банк маманы қарыз алушының кредиттік құжатнамасын, соның ішінде ұсынылған құжаттар мен есептеулерді қалыптастырады. Шарт бойынша кредитті берудің талаптары мен тəртібіне сəйкес, банктің кредиттік бөлімі кредитті беру туралы өкімді операциялық бөлімге арнап рəсімдейді. Кредиттің мақсатты сипатын қамтамасыз ету жəне көзделген мəмілені жүзеге асы-ру үшін оны, ереже бойынша, кредиттелетін тауарлық-материалдық құндылықтар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін есеп айрысу құжаттары бойынша төлем жасауға жібереді.


Кредитті өтеу бір рет немесе бөлшектеп жүзеге асырылады. Бір реттік төлем кезінде кредит бойынша бүкіл берешекті мерзімді міндеттемелерге сəйкес, төлем күні туындаған күннен кешіктірмей төлеу керек. Кредитті бөлшектеп өтеу кезінде мерзімді міндеттемелерді оның əрбір нақты бөлігі үшін рəсімдеуге болады. Төлем мерзімі туындаған күні кредитті жəне ол бойынша пайыздарды өтеу кредиттік шартқа сəйкес, борышкердің міндеттемелері бойынша оның есеп айырысу шотынан қаржыларды шығару арқылы жүзеге асырылады. Клиент банкпен келісе отырып, кредитті толығымен немесе ішінара мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.


Кредитті жəне ол бойынша пайыздарды борышкердің есеп айыры-су шотындағы ақшалай қаражаттардың жоқтығы салдарынан өтемеген жағдайда, банк қолданыстағы заңнамаға сəйкес, кредитті қамтамасыз етудің нысандарын ескере отырып, берешекті өндіріп алуға ұсынады.


Ақшалай кредиттердің:

  1. инвестициялық салық кредиті;

  2. салық кредиті;

  3. қаржы кредиті;

  4. коммерциялық кредит түрлері бар.

Практикада қаржы кредиті, яғни қарыз алушыға кредит арқылы тікелей ақшалай қаражат беру кең тараған. Кредит берген кезде қарыз алушының бухгалтерлік балансы бойынша оның кредит төлеуге қабілеттілігі бағаланады жəне ол:


1) құқыққа қабілеттілік;

155


  1. қаржы орнықтылығы;




  1. төлем қабілеттілігі;

  2. кəсіпорын мүлкін пайдаланудың тиімділігі көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылады.

Құқыққа қабілеттілік дегеніміз – мемлекеттің Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде қарастырылған заңды тұлғалардың құқылы жəне жауапты болу қабілеттігін мойындауы.
Қаржы орнықтылығы капитал құрылымын, яғни баланстың активтері мен пассивтерін талдау арқылы бағаланады.
Орнықтылық коэффициенті қаржы орнықтылығының ең маңызды көрсеткіші:
ҚОК = МК : ВБ > 0,5 (немесе 50%).

Төлем қабілеттілігі баланс өтімділігімен, яғни активтерді мейлінше тезірек ақшалай қаражатқа айналдыру мүмкіндігімен сипатталады. Практикада келесі коэффициенттер пайдаланылады:


Абсолютті өтімділік коэффициенті = АҚ + ҚҚЖ : ҚМ;
Ағымдағы өтімділік коэффициенті = АҚ + ҚҚЖ + ДБ : ҚМ;
Жалпы өтімділік коэффициенті = АҚ + ҚҚЖ + ДБ +Қ : ҚМ.
Мұнда: АҚ – кассалардағы, банктердегі есеп айырысу, валюталық жəне арнайы шоттардағы ақшалай қаражат;
ҚҚЖ – қысқа мерзімді қаржы жұмсалымдары; ДБ – дебиторлық берешек;

  • – материалдық-өндірістік қорлар; ҚМ – қысқа мерзімді міндеттемелер.

Осы көрсеткіштер мен оларды бағалау негізінде қарыз алушының
кредит төлеуге қабілеттілігінің сыныбы анықталады. Кредит төлеуге қабілеттіліктің сипаттамалары бойынша банктер клиенттерді 3-5 сыныпқа бөледі. Кредит төлеуге қабілеттіліктің сыныбын анықтау негізінде рейтингтік көрсеткіштер деңгейі жатыр.

Орташа шама деңгейіндегі рейтингтік коэффициенттер қарыз алушыны екінші сыныпқа, орташадан жоғарыларды біріншіге, орта-шадан төмендерді үшінші сыныпқа жатқызу үшін негіз болып табы-лады. Кредит төлеуге жалпы қабілеттілік балмен беріледі. Ол кредит төлеуге қабілеттілік сыныбында əрбір көрсеткіш бойынша жүргізілген рейтингтің жалпы сомасы болып табылады.


Бірінші сыныптың балы 100 бен 150 аралығында; Екінші сыныптың балы 151 мен 250 аралығында; Үшінші сыныптың балы 251-ден жоғары болады.


Өтімділік жəне қаржы тəуелсіздігі коэффициенттерінің мөлшеріне байланысты қарыз алушыны үш сыныпқа бөлуге болады:



156


Коэффициент

Сынып










1

2

3

Абсолютті өтімділік

>0,2

0,15 – 0,20

<0,15

Ағымдағы өтімділік

>0,8

0,5 – 0,8

<0,5

Жалпы өтімділік

>2

1,–2

<1,0

Қаржы орнықтылығы

>0,60

0,50 – 0,60

<0,50

Кредит төлеуге қабілеттілік сыныбын бағалау үшін бухгалтерлік ба-ланстан өтімділік деңгейі бойынша айналым активтері топтастырылған көшірмені береміз:





Көрсеткіштер

мың теңге

І сыныпты «ақшалай қаражат» өтімді қаражаты

7000

ІІ сыныпты «дебиторлармен есеп айырысу»

20 500

өтімді қаражаты




ІІІ сыныпты «қорлар» өтімді қаражаты

22 600

Қысқа мерзімді міндеттемелер

48 100

Баланс валютасы

124 900

Меншікті капитал

68 700

Кредиттік қабілеттілік класын бағалау үшін өтімділік дəрежесі бойынша айналымдық активтер топтамасы бар соңғы есеп беру күніндегі қарыз алушының бухгалтерлік балансынан үзінді көшірмені келтірейік.


Жоғарыдағы кестеге сəйкес, негізгі қаржылық коэффициенттерді анықтайық:



K

=




700




= 0,146;

K

=

7000 + 20500 + 22600

= 1,04;




48100




























48100







Kòë

=




7000

+ 20500

= 0,572;






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет