Меншікті айналымқаражатының мөлшері ұйымның ағымдағы активтерін жабатын көз (яғни, бір жылдай айналымдылығы бар актив-тер) болып табылатын меншікті капиталды сипаттайды. Бұл есептік көрсеткіш активтердің құрылымына да, сондай-ақ қаражат көздерінің құрылымына да тəуелді. Басқа да тең жағдайларда бұл көрсеткіштің қарқынды өсуі оң үрдіс ретінде қарастырылады. Меншікті айналым қаражатының өсуінің негізгі жəне тұрақты көзі – пайда. Аталмыш көрсеткіш қаражат көзін, дəлірек айтсақ, ағымдағы активтерді жаба-тын көз ретінде қарастырылатын ұйымның меншікті капиталының бір бөлігін сипаттайды. Меншікті айналым қаражатының мөлшері айна-лым активтерінің қысқа мерзімді міндеттемелерден артуына тең. Кей-де қысқа мерзімді міндеттемелердің мөлшері айналым активтерінің мөлшерінен артатын жағдай да кездеседі. Мұндай жағдай қысқа мерзімді кредиторлық берешектің негізгі қаражаттар мен айналымнан тысактивтердіжабатынкөздіңбіріболыптабылатындығынайғақтайды. Мұндай кезде ұйымның қаржы жағдайы тұрақсыз деп қарастырылады, оны реттеу үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет.