12.3. Қаржылық орнықтылығын (төлем қабілеттілігін) бағалау
Осы топ көрсеткіштерінің көмегімен қаржыландыру көздерінің құрамы жəне олардың арақатынасының динамикасы бағаланады. Тал-дау: қаржы көздері өзіндік құнның, қолжетімділіктің, сенімділіктің жəне тəуекелдіктің деңгейімен жəне т.б. ерекшеленеді.
Ұйымның қаржы жағдайының маңызды сипаттамаларының бірі – ұзақ мерзімді келешектегі оның қызметінің тұрақтылығы. Ол ұйымның жалпы қаржы құрылымымен, оның кредиторлар мен инвесторларға тəуелділік деңгейімен байланысты.
Ұйымның қаржы орнықтылығы экономикалық көрсеткіштердің біртұтас жүйесімен сипатталады. Сондықтан осы көрсеткіштерді кешенді түрде қарастырғаннан кейін ұйымның қаржы орнықтылығы деңгейіне объективті баға беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |