Қаржы тəуелсіздігі коэффициенті ұйым қаржысының жалпы сомасындағы (баланс валютасы) оның қызметіне авансталған меншікті капиталдың үлесін сипаттайды. Коэффициент ұйымның қарыз қаражатқа тəуелсіздік деңгейін көрсетеді, əдетте, ол 0,5-тен көп бо-луы тиіс. Бұл коэффициенттің мəні қаншалықты жоғары болса, ұйым сыртқы кредиторларға соншалықты тəуелсіз, қаржы жағынан орнықты əрі тұрақты болады. Аталмыш коэффициенттің ұлғаюы ұйымның иелігіндегі пайданың есебінен жүзеге асырылады.
ҚТк = МК : ВБ.
Қаржы қауырттылығы коэффициенті(қаржы тəуелділігі коэффициенті) қаржы тəуелсіздігі коэффициентіне кері. Бұл көрсеткіштің серпінді өсімі ұйымды қаржыландырудағы қарыз қаражат үлесінің ұлғайғанын білдіреді.
ҚҚк = ҚК : ВБ.
Меншікті капиталды оңтайландыру коэффициентіменшікті капиталдың қандай бөлігі ағымдағы қызметті қаржыландыруға пайдаланылатындығын, яғни қандай бөлік айналым қаражатына жұмсалғанын, ал қай бөлік капиталдандырылғанын көрсетеді. Бұл көрсеткіштің мəні капитал құрылымына жəне ұйымның белгілі бір салаға жатуына байланысты айтарлықтай түрленеді. Аталмыш көрсеткіштің өнім өндіретін салаларда серпінді өсуі жағымсыз үрдіс болып табылады, себебі ол айналымнан тыс активтердің қысқаратынын білдіреді.
МКОк = АҚ : МК.