Банкроттық коэффициенті ұйымның барлық міндеттемелерінің оның мүлкінің жалпы құнына қатынасы ретінде анықталады. Егер аталмыш көрсеткіш 0,5-тен көп болса, ол ұйым банкротқа ұшырауға жақындығын білдіреді.
Банкроттық коэффициенті = Міндеттемелер : ВБ .
Ұзақ мерзімді жұмсалымдар құрылымының коэффициенті.Бұл көрсеткішті есептеу ұзақ мерзімді кредиттер мен қарыздар негізгі қаражаттар мен басқа да күрделі қаржы жұмсалымдарын қаржыландыру үшін пайдаланылады деген болжамға негізделген. Ко-эффициент негізгі қаражат пен басқа да айналымнан тыс активтердің қандай бөліктерін сыртқы инвесторлар қайта қаржыландырғанын, яғни қай бөлік ұйымның иелерінікі емес, инвесторлардікі екенін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің серпінді өсуі ұйымның қаржы орнықтылығындағы жағымсыз үрдісті айғақтайды.
Ұзақ мерзімді жұмсалымдар құрылымының коэффициенті = ҰМ :
АТА.